КХДР Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты

Солтүстік Корея өз спортшыларын коронавирус індетін жұқтыру қаупінен қорғау үшін Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

КХДР Ұлттық олимпиада комитеті Пхеньянда өткен отырыста осындай шешім қабылдады.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс еді. Бірақ пандемияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығына ауыстырылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жапония билігі Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шетелдік көрермендер шақырылмайтынын мәлімдеген еді.

Ел үкіметінің мұндай шешім қабылдауына жапон жұртшылығының індетке қатысты алаңдаушылығы және көп елде коронавирустың жаңа түрлерінің анықталуы себеп болды. Десе де, әлі ресми шешім шығарылған жоқ.

 

Back to top button