Әлемдегі ең бай адамның компаниясы даудың ортасында қалды

Әлемдегі ең бай адамның компаниясы даудың ортасында қалды

Әлемдегі ең бай адамның компаниясы даудың ортасында қалды
ашық дереккөзі
Әлемдегі ең дәулетті адам Джефф Безостың Amazon компаниясындағы жанжал жаһан назарына ілікті. Даудың тууына компания басшылығын сынға алған және климаттық мәселелерді көтерген екі қызметкердің жұмыстан заңсыз шығарылуы себеп болған, деп хабарлайды New York Times. Эмили Каннингэм мен Марен Коста есімді қызметкерлер компанияны климатты ластауды азайтуға шақырған, сонымен қатар жұмыс жағдайларының нашарлығын айтқан. "Біз бұл қызметкерлерді еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі туралы көпшілік алдында сөйлегені үшін емес, ішкі саясатты бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыстан шығардық", — дейді Amazon өкілі. Әрбір жұмыс сағатына 15 доллар төлейтін Amazon-дағы кесімді жалақы федералды минимумнан екі есе көп болғанымен, компаниядағы еңбек жағдайлары жайлы теріс пікір көп. Мысалы, кәсіподақтың мәлімдеуінше, жұмысшылар шамадан тыс қысымға ұшырайтын көрінеді. Еңбек қатынастары жөніндегі ұлттық кеңес Amazon-ға әділетсіз жұмыс тәжірибесін жүргізді деген айып тағып отыр. Бұған дейін Безостың кәсіподақ құрғысы келетін компания қызметкерлерімен жанжалы туралы хабарланған болатын. Соңғы апталарда Amazon өз қызметкерлерін кәсіподаққа қолдау көрсетуден бас тартуға үндеуге тырысты. Кәсіподаққа қарсы стратегиялар "Қарсы дауыс бер" белгішелерін таратудан бастап, жұмысшыларға "Кәсіподақ сізге ештеңе уәде ете алмайды" деген мәтіндегі хабарламалар жіберуге дейін ұласты. Айта кетейік, АҚШ-тағы көптеген жұмыс берушілер кәсіподақтар кірісті азайтып, компаниялардың автономиясына әсер етеді деп қорқады.