Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты
ашық дереккөзі
6 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, батыста нөсер жауады, тек оңтүстікте күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, батыста шаңды дауыл соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.