Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті апаттың 5 сәуір күні Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында болғанын мәлімдеді.

«Hyundai H 350» автокөлігінің жүргізушісі Сейфулин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 1996 жылы туған «ВАЗ 2115» жүргізуші зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол сол жерде қалды», – дейді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Материалды Алмалы аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр.

Back to top button