«Nur Otan» партиясы шалғай ауылдарға интернет орнатты

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалына Құмтоғай ауылының тұрғындары интернет желісін орнатуды жеделдету жайында өтінішпен жүгінді.

Бұл мәселені шешуге Ырғыз аудандық мәслихатындағы партия фракциясының мүшесі Бақытгүл Өтеуова көмектесті.

Партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру мақсатында 250-ден астам тұрғыны бар 72 ауылды интернетпен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Олардың арасында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының алты ауылы бар.

Ауыл тұрғыны Ләйла Тасмағанбетованың айтуынша, 2020 жылдың маусым айында халқы шамамен 900 адамды құрайтын Құмтоғайда 24 метрлік мұнара орнатылған. Осының арқасында ауыл тұрғындары ұялы байланыс қызметтерін пайдалана алғанымен, интернетке қосыла алмаған.

Тұрғындардың мәселесіне бірден үн қатқан Бақытгүл Өтеуова желіні басқаратын компанияға бірнеше рет хабарласып, мәселені шешуге тырысты.

Нәтижесінде, Құмтоғай және Қарақұдық ауылдарында 3G кең жолақты интернет қолжетімді болды.

«Kелінім Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық мемлекеттік университетінде оқиды. Бұрын мұнда интернеттін сапасы нашар болғандықтан, ауылдан төрт жүз шақырым алыста орналасқан Ақтөбеге жиі баруға мәжбүр болатын. Біздің тілегіміз орындалып, енді үйде отырып-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік туды. Біз депутатқа және «Nur Otan» партиясына мәселені шешуге көмектескені үшін алғыс айтамыз», – деді Ләйла Тасмағанбетова.

Back to top button