Жандарбек Бекшин үндеу жолдады

Жандарбек Бекшин үндеу жолдады

Жандарбек Бекшин үндеу жолдады
ашық дереккөзі
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айы қарсаңында мегаполис тұрғындарына үндеу жасады. «Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу жолдап жатырмыз. Естеріңізде ме, былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан болатын. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуларын сұраймыз», – деді ол. Еске салайық, Алматыда шектеулі карантиндік шаралар жеңілдетілді. Сауда орталығы мен базарларға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында жазылған.