ҰБТ-2021: БҒМ шекті балл деңгейіне қатысты түсінік берді

5 сәуір, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
ҰБТ-2021: БҒМ шекті балл деңгейіне қатысты түсінік берді Білім және ғылым министрлігі биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің белгіленген шекті балл деңгейі қатысты түсінік берді. Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75-ке дейін ұлғайтылды. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін: Айта кетейік, педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге артқан. Таратылған мәліметке қарағанда, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, жалпы, тест тапсырмаларының саны өзгермеді, 5 пән қалды. «Екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы– 20 және екі бейіндік пәннен 35 тапсырмадан беріледі», – деп тоқталды ол.