Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Ақан Рахметуллин – әр жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Пәкістан мен Австриядағы елшіліктерінде, Қазақстан Республикасының БҰҰ мен ЕҚЫҰ Тұрақты өкілдіктерінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына жетекшілік ететін негізгі бөлімшені басқарған. 2019 жылғы маусымнан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2021 жылғы 5 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.