Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақан Рахметуллин – әр жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Пәкістан мен Австриядағы елшіліктерінде, Қазақстан Республикасының БҰҰ мен ЕҚЫҰ Тұрақты өкілдіктерінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына жетекшілік ететін негізгі бөлімшені басқарған.

2019 жылғы маусымнан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2021 жылғы 5 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Back to top button