350 адамға аста-төк той өткіземін деп айыппұл арқалады

350 адамға аста-төк той өткіземін деп айыппұл арқалады

350 адамға аста-төк той өткіземін деп айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
Шардаралық полицейлер 350-ге жуық адамды жинап үйлену тойын жасаған той иелеріне айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазақстанда қатаң карантин жарияланып, жиын-тойларға тыйым салынғанымен, үйлену мен туған күн өткізетіндер азаймай тұр. Той иесі мен мейрамхана қожайындарын, ешбір тыйым тоқтата алар емес. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Түркістан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантин енгізілген. Күн сайын полиция мен СЭС және басқа да мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын арнайы топтар халық арасында карантин талаптарын сақтау бойынша, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мобильдік топтар дүкендер, базарлар, ойын-сауық орындары, дәріханалар және өзге де сауда орындарына санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау мақсатында тексереді. Осыған қарамастан, кейбір азаматтар мен мекемелердің иелері бұл талаптарды елемей, жиын- тойлар ұйымдастырып, көбінесе туыстары мен шақырылған қонақтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мысалы, Шардара АПБ-нің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде, ауылдардың бірінде үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары 350-ге жуық адам қатысып жатқан тойды тоқтатып, той иесі мен қонақтарға карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне таратты. Іс-шараны ұйымдастырушыға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін, тиісті құзыретті органдарға жіберілді. Сондай-ақ полицейлер тойханалар мен мейрамхана, кафе-барларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда, заңды шара қарастырылатыны туралы ескертті.