Түркістандық дәрігерлер ана мен бала өмірін аман алып қалды

Түркістандық дәрігерлер ана мен бала өмірін аман алып қалды

Түркістандық дәрігерлер ана мен бала өмірін аман алып қалды
ашық дереккөзі
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ауыр халде жеткізілген 23 жастағы жүкті әйелге бір мезетте екі ота жасап ана мен баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ана мен нәрестенің өміріне шұғыл түрде араша түсу үшін алдымен әйелді кесарь тілігімен босандырып алған. Кейін сол жақ бауырын қаптаған құрттан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған.
 «Ота шұғыл диагностикалық, лабораториялық және салалық дәрігерлердің тексеруінен соң жасалынды. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен, ана мен бала өмірі қыл үстінде тұрған. Қазір сәби мен ананың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді  хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Аймағанбетов.
Бүгінде ана мен баланың денсаулығы бір қалыпты. Жақында ауруханадан үйіне шығарылды. Облыстық аурухана тұрғындар қажеттілігін қамтамасыздандыруға жеткілікті мамандармен және медицина құралдарымен жабдықталған. Жалпы, жыл басынан бері ауруханада 3501 күрделі операция жасалынды. Өткен жылы клиникалық ауруханасының базасында 12 мыңға жуық ота сәтті аяқталған.