Facebook желісін қолданатын 3 миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті
Facebook желісін қолданатын 3 миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті
«МТҚ» АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды. Бұл туралы ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.
Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады. Зерттелген материалдар бойынша Қазақстан Республикасының қолданушыларына қатысты 3 214 990 жол көлеміндегі мәлімет – аты-жөні, телефоны, елі/тұрғылықты қаласы, жұмыс орны және оқуы көрсетілген анпарат жария болған», - деді мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері.
Ведомство желіде дербес деректер жариялануының салдары парақша иелері үшін қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті. Мысалы жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жариялау, қоқан-лоққы, банк картасынан заңсыз ақша шығару, жеке өмірге араласу, балаларға қауіп-қатер төндіру сияқты салдары болуы мүмкін.
KZ-CERT қызметіні жеке мәліметтердің әлеуметтік желілерде жариялану қаупін азайту үшін мынандай кеңес береді:
- Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшалардың құпия параметрлері, күрделі құпиясөз және көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету керек.
- Негізгі пошта жәшігіңізді қауіпсіз қылуыңыз керек, атап айтқанда, көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзді өзгертіңіз.
- Сенімсіз, оңай, қарапайым кілтсөз қолданбау керек.
- Әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді, дәлірек айтқанда, паспорт, банк картасы және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау керек.