Көру қабілетін жақсартатын 10 тағам

Қазіргі кезде көзілдірік кимейтін адам ілуде біреу ғана. Оған қоса, көз аурулары «жасарып» барады.

Дегенмен мамандар дұрыс әрі пайдалы тамақтану және компьютер, гаджеттерді қолдану уақытын қысқарту көздің өткірлігін қайта қалпына келтіруге сеп болатынын айтады. Олай болса, көзге пайдалы 10 өнімді атап өтейік.

  1. Сәбіз – құрамында каротин көп болғандықтан, көру қабілетін жақсартады.
  2. Қаражидек – А дәрумені және көз денсаулығына пайдалы басқа да элементтерге бай.
  3. Шпинат – құрамындағы лютеин катаракта мен көздің басқа ауруларының алдын алады.
  4. Жүгері, брокколи – құрамында антиоксиданттар көп, катаракта ның алдын алады.
  5. Шабдалы – калий мен А дәруменіне бай.
  6. Итмұрын, цитрусты жемістер – С дәрумені бар бұл өнімдер жалпы көру қабілетін жақсартады.
  7. Бидай дәндері, жаңғақтар мен дәнді дақылдар – Е және В дәрумендеріне бай.
  8. Майшабақ (треска) – құрамында D дәрумені және май қышқылдары көп.
  9. Қызылша – құрамында С дәрумені мен калий бар, тазартқыш әсері бар.
  10. Пияз, сарымсақ – көру қабілетін жақсартатын күкіртке бай, тромбоздың алдын алады.
Back to top button