ҚМДБ 2021 жылғы ораза кестесін жариялады

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы muftyat.kz сайтында 2021 жылғы ораза кестесін жариялады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр арасына түсіп тұр. 9 мамырға қараған түні – қасиетті Қадір түні.

Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып бекітілді. Оны мешітте және банк қосымшалары арқылы төлеуге болады.

13 сәуірде Нұр-Сұлтанда сәресі таңғы 4:43-те бітеді, ал ауызашар уақыты – 20:12. Кейін күн сайын сәресі мен ауызашар уақыты ұзара береді.

b578ee3daaec996ffe126ce60886a42c

Ал Алматыда оразаның алғашқы күні сәресі таңғы 4:43-те бітеді, ауызашар уақыты – 19:36.

c1ad273241154352b11ab4a288df3e45

Барлық қаланың ораза кестесін мына жерден қарауға болады.

Back to top button