Ұзақ өмір сүруге қандай тағам пайдалы?

Ұзақ өмір сүруді бәрі қалайды. Сондықтан оған пайдасы тиетін тағамдар жайында да білген жақсы.

Көптеген елдердің ғалымдары ұзақ уақыт зерттеу жұмыстарын жүргізе келе адам денсаулығын нығайтатын, сол арқылы ұзақ өмір сүруге зор пайдасы тиетін тағамның қарақұмық екенін анықтаған.

Жүректі зерттеген ғалымдар тамаққа дәнді дақылдарды көп пайдалану керек дейді. Дәнді дақылы басым тамақ рационы құнарлы заттектерден тұрады және оның жүрекке пайдасы көп екен. Сондай-ақ ондай тамақ түрлерін тұтыну жүрек-қан тамыр ауралыр азайтын көрінеді. Соның ішінде қарақұмық − қан қысымын төмендетіп, бұлшық еттердің қызметінің жақсаруына зор әсер етеді екен. Және жасұныққа бай қарақұмықтан жасалған тамақ ішектің қалыпты жұмыс істеуіне пайдасын тигізіп, асқазанда өте жеңіл қорытылады Өйткені құрамында нәруыз көп қарақұмықтан жасалған тамаққа адам тез тойып, артық салмақтан сақтандырады. Бұл артық салмақтан құтылауға көмектемеді. Тағы бір айта кететін нәрсе, АҚШ ғалымдары көкөністердің де денсаулыққа пайдалы екенін зерттеу арқылы дәлелдеген.

Back to top button