Өзбек жастары ЛГБТ өкілдерін соққыға жықты

Өзбек жастары ЛГБТ өкілдерін соққыға жықты

Өзбек жастары ЛГБТ өкілдерін соққыға жықты
ашық дереккөзі
Соңғы кезде Орталық Азияның кейбір елдерінде біржыныстық некені қолдайтындар қауымы белсендірек көріне бастағаны белгілі. Мәселен, өткен айдың 8-і күні, яғни халықаралық әйел-қыздар күнінде Алматыда алғаш рет әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқару керек деген ұранмен шерулеткен фенимист әйел-қыздардың (арасында ер кісілер де бар) қатарында әйелдер арасындағы біржынысты неке (лесбилердің) проблемасын көтерушілер де көрініп қалып еді. Енді осыған ұқсас жағдай көрші өзбек елінде де пайда болып жатыр. Өзбекстанда қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша біржыныстық қарым-қатынас қылмысқа саналады. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері еркекпен еркектің сексуалдық әрекеттерін (мәселен сүйісіп аймаласуын) көрген жағдайда оларды тәртіп бұздыға санап, қамауға алады. Айыппұл салады. Демек, «біржынысты ғашықтыққа» заң жүзінде рұхсат жоқ. Өзбек елі исламдық моралды ұстанатын мұсылман елі болғандықтан халықтың көбі ЛГБТ қауымына төзімсіз. Осы жылдың 18 наурызда Ташкент қаласы көшелеріне (ағаштарға, электр бағаналарына, элекр токтары белгісіз біреулер ЛГБТ-ға қарсылықты білдіретін белгілер сызылған қағаздарды қыстырып кеткен. Бірақ соңғы кезде бұл елде де ЛГБТ құқығын қорғағысы келетіндер, оған заң жүзіндегі шектеулерді алып тастауды талап ететіндер бар. Соның бірі блогер − Миразиз Базаров. Ол «азшылық қауымның» құқығы шектелмеуі керек деп, ЛГБТ-ларды Ташкент қаласы Юнусабад ауданындағы Әмір Темір паркі скверіне жиналып, өз құқықтарын талап етуге шақырған. Сөйтіп оларға қарсы өзбек жастары жиналған. Нәтижесінде аздаған тәртіпсіздіктер орын алып, сол арада жүрген бірнеше ЛГБТ өкілдері соққыға жығылған. Кейін Миразиз Базаровты үйінің алдында белгісіз үш адам соққыға жыққан (олардың бірінің қолында бейсбол таяғы болған). Көп таяқ жеп ауруханаға жеткізілген Базаровтың ішкі органдарына зақым келгені, аяғы сынғаны және миы шайқалғаны анықталған. Айта кету керек, 28 наурызда Әмір Темір паркі скверінде тәртіпсіздік жасағандар құқық қорғау орындарында тергелген. Бірақ оларға қарсы қылмыстық іс қозғалғаны жайында әзірге мәлімет жоқ. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде ЛГБТ-ны айыптаған, оның мұсылмандарға жат қылық екені айтылған материалдар көптеп жарияланды. Кейбір қаламгерлер, дін адамдары ЛГБТ-ны елдің моралдық келбетіне зиянын тигізетін кесел ретінде айыптаған. Солардың қатарында  бұл мәселе туралы  Өзбекстанның бірінші президенті марқұм Ислам Каримовтың  айтқаны да жарияланған.