Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

3 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды Өткен тәулікте 2122 адамнан коронавирус анықталып, ПТР тест арқылы расталды. Бұл - пандемия басталғаннан бері республикада бір тәулік ішінде анықталған рекорд көрсеткіш. Алдыңғы рекорд бір күн бұрын (1 сәуірде) болған, бір тәулікте 2077 инфекция тіркелді. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 647 Алматы қаласы - 438 Шымкент қаласы - 66 Ақмола облысы - 48 Ақтөбе облысы - 137 Алматы облысы - 258 Атырау облысы - 110 Шығыс Қазақстан облысы - 42 Жамбыл облысы - 23 Батыс Қазақстан облысы - 112 Қарағанды облысы - 85 Қостанай облысы - 35 Қызылорда облысы - 32 Маңғыстау облысы - 25 Павлодар облысы - 31 Солтүстік Қазақстан облысы - 17 Түркістан облысы - 16 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 251053. Сонымен қатар, Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адам коронавирус індетінен сауығып шықты.