Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

Өткен тәулікте 2122 адамнан коронавирус анықталып, ПТР тест арқылы расталды.

Бұл – пандемия басталғаннан бері республикада бір тәулік ішінде анықталған рекорд көрсеткіш. Алдыңғы рекорд бір күн бұрын (1 сәуірде) болған, бір тәулікте 2077 инфекция тіркелді.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 647
Алматы қаласы – 438
Шымкент қаласы – 66
Ақмола облысы – 48
Ақтөбе облысы – 137
Алматы облысы – 258
Атырау облысы – 110
Шығыс Қазақстан облысы – 42
Жамбыл облысы – 23
Батыс Қазақстан облысы – 112
Қарағанды облысы – 85
Қостанай облысы – 35
Қызылорда облысы – 32
Маңғыстау облысы – 25
Павлодар облысы – 31
Солтүстік Қазақстан облысы – 17
Түркістан облысы – 16

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 251053.

Сонымен қатар, Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адам коронавирус індетінен сауығып шықты.

Back to top button