Медеуде 12,5 млрд теңгеге қонақ үй салынады

Медеуде 12,5 млрд теңгеге қонақ үй салынады

Медеуде 12,5 млрд теңгеге қонақ үй салынады
ашық дереккөзі
2022 жылы «Медеу» мемлекеттік аймақтық табиғи паркі аумағында жаңа қонақ үй кешенін салу жоспарланған. Қонақ үйдің ашылуы 2022 жылдың соңында Медеудің 50 жылдық мерейтойында өтеді. Жаңа қонақ үй кешені салынатын орынды құрылыс салушы 2014 жылы сатып алған. 29 наурызда Medeu Park Hotel қонақ үй кешені жобасының ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерін бағалау) бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Жоба мақұлданды. Қонақ үй мен апарт-отельдің негізгі блогының құрылысы жоспарланған, олардың арасында жаяу жүргіншілер аймағы салынады. Жоба авторлары бұл аймақ барлық келушілер үшін тәулік бойы ашық болады, тамақтану орындары мен қоғамдық дәретханалар орналасады деп уәде берді. Бұдан бөлек кешенде 300 орындық мейрамхана, 25 метрлік бассейн салынады.