Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда карантин жеңілдетілді

Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда карантин жеңілдетілді

Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда карантин жеңілдетілді
ашық дереккөзі
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.  Қаулыға сәйкес: Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер, зоодүкендер 6:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алады; Сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс күндері жабық болады; Шаштараздар мен сұлулық салондары тек алдын ала жазылу бойынша қабылдайды; Супермаркеттер, гипермаркеттер және сауда желілері 6:00-ден 2:00-ге дейін жұмыс істей алады; Жабық әмбебап базарлар жұмыс күндері ғана ашық болады. Ашық базарлар, сондай-ақ жабық азық-түлік өнімдерін сататын орындар жексенбіден басқа жұмыс күндері ашық болады; Студенттер мен оқушыларды 2020-2021 оқу жылының соңына дейін қашықтықтан оқыту форматына ауыстырады; Азық-түлік емес дүкендер, соның ішінде құрылыс дүкендері 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынады. Арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етілді. Мекемелердегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Қаулы 3 сәуірден бастап күшіне енеді.