Елордадағы «Шапағат» базары өртке оранды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жалынды сөндіріп жатыр. Бұл жөнінде  қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр 69 мекенжайы, Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ. Өртті сөндіруге 8 техника мен 32 маман жұмылдырылды.

Back to top button