Алтай Көлгінов: Елорда тұрғындары сәуірде жаппай вакцинамен қамтылады

Алтай Көлгінов: Елорда тұрғындары сәуірде жаппай вакцинамен қамтылады

Алтай Көлгінов: Елорда тұрғындары сәуірде жаппай вакцинамен қамтылады
ашық дереккөзі
Елорда тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе егу үшін вакцинаның қосымша дозасы жеткізілетін болды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. «Әр тұрғын карантин мен оның салдарын сезінді. Бүгін бизнес өкілдерімен, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасымен, санитарлық дәрігерлермен шағын және орта бизнесті қолдау шараларын, екпе алу пункттерін ашу, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, кейбір бизнес субъектілеріне жұмыс жасай беруге мүмкіндік беретін Ashyq жобасын масштабтау мәселелері талқыланды», – деді әкім. Қала әкімінің пікірінше, коронавируспен күресте өте маңызды әдіс – вакцинация мен ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. «Бірінші кезеңде екпені коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері және тағы басқалары алып жатыр. Сәуір айынан бастап халықты вакцинациямен кеңінен қамтуға кірісеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармациямен» бірлесе халықты барынша қамту үшін қалаға вакциналардың қосымша дозасын жеткізеді», – деді Алтай Көлгінов.  width=