Алматы әкімі коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты

Алматы әкімі коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты

Алматы әкімі коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясынан қалай қорғанып жүргенін айтты. «Коронавирустан қорғаудың бір ғана тәсілі бар ол- маска. Мен маскасыз жүрмеймін, оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Жұмыс кабинетімде көп отырмаймын. Қалтамда әрқашан қосалқы маска жүреді. Өйткені көп жүрген кезде, екі-екі жарым сағатта ауыстырып отыру керек. Сол кезде жаңасына ауыстыра саламын. Маскасыз жүрген адамға қалтаңызда маскаңыз болса, маскаңызды тағып алыңыз деп сұраймын. Өйткені сіз өзіңізді ғана емес, төңірегіңізде тұрған бізді ойлаңыз. Бір-бірімізді қорғап жүруіміз қажет. Маскасыз жүрген адамға артық маска болса, сол кісілерге беріп, маскамен жүруін сұраймыз», – деді Б. Сағынтаев. Сондай-ақ әкім санитарлық талаптарын сақтану арқылы кеселден қорғануға болатынын еске салды. «Санитайзермен қолды жуып, адам көп шоғырланған жерден аулақ жүріп, арақашықтықты сақтап, барлық талаптарды ұстанамын, «Сақтаңсаң, сақтаймын!» деген ғой. Алдымен өзіңді қорғап жүрер болсаң, бұл кеселден қорғануға болады», – дейді Алматы әкімі.