Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы, Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен бұл қызметті Мұрат Қадырбек атқаратын болды. Жаңа әкімді ауданның әктивіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырды. Өңір басшысы ауданды соңғы үш жыл көлемінде басқарған Жамантай Бейсенбаевты құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, оның ерен еңбегін ерекше атап өтті. Ал, жаңа басшының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. Мұрат Қадырбек өзіне сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, Жетісай ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. «Жетісай ауданы ерекше әрі ең ірі аудан. Осы ауданның дамуына үлкен үлес қосып, көптеген жаңа бастамаларға мұрындық болған Жамантай Қанайұлын құрмет демалысына шығарып сала отырып, адал атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Арыс апаты кезінде өзін іскер, батыл басшы екенін көрсетті. Алда атқарылар істер көп. Жаңа өндіріс орындарын ашуды, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды әрі қарай жүзеге асыру қажет. Ауыл шаруашылығын озық технологиялармен жабдықтап, инвестиция тарту керек. Қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтай отырып, аудан тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырамын», – деді облыс әкімі.