«Әр бала мектепке лайық»: инклюзия сыныптарына қабылдау басталды

«Әр бала мектепке лайық»: инклюзия сыныптарына қабылдау басталды

«Әр бала мектепке лайық»: инклюзия сыныптарына қабылдау басталды
ашық дереккөзі

«Болашақ» корпоративтік қоры 2021-2022 оқу жылына «Әр бала мектепке баруға лайықты» инклюзивті білім беру әлеуметтік жобасына қатысуға өтінім қабылдауды бастайды.

Жобаның мектептерінде 1-4 сыныптарда оқу үшін өтінім аутизм және басқа да дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналарынан қабылданады.

Балалар Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Екібастұз, Семей, Көкшетау, Жезқазған, Атырау, Түркістан және Қызылорда қалаларында ашылған Қордың инклюзияны қолдау кабинеттеріне оқуға қабылданады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда аутизмі бар 7 мыңға жуық бала бар, ал бейресми деректер бойынша аутизмі барбалалардың саны 30 мыңнан асады. «Autism Speaks» халықаралық ұйымының деректері бойынша 2020 жылы дүние жүзі бойынша әрбір 54-ші балаға аутизм бар.

 width=

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн 2007 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен белгіленген болатын, онда аутизмге шалдыққан балалардың саны көп болғаны алаңдаушылық туғызды.

«Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарында енгізуге бағытталған.

2015 жылдан бастап қормен Қазақстанның 17 өңірінде 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар 500-ден астам бала күнделікті мектепке баруға мүмкіндік алды. Жоба еліміздің 34 мектебін және 2 астаналық балабақшаны қамтыды.

Балаларында ерекше білім алу қажеттіліктері бар 1500-ден астам отбасына консультация берілді. 2000-нан астам маман инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті, 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Қор инклюзивті білім беру бойынша ҚР НҚА-на 70 түзету енгізді.

«Бүгін осы ерекше күні мен «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына қатысатын балаларымыздың жетістіктерімен бөліскім келеді. Жобаны іске асырып келе жатқан 6 жыл ішіндежобадағы сөйлемейтін балалардың 90% сөйлепүйренді, 19 ұл және қыз бала өз бетінше оқуға шықты, ал даму ерекшеліктері бар 50 бала мектеп, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болды. Біз балаларымызды мақтан тұтамыз. Бұл мамандар мен ата-аналардың үлкен еңбегі», деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

2020 жылы «Болашақ» қоры Нұрсұлтан Назарбаев қорына инклюзияны қолдау бойынша тағы 16 кабинетінашуға жан-жақты сараптамалық қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта бұл кабинеттер «Болашақ» қорының курациясымен жұмыс жүргізуде.

«Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 7 мен 11 жас аралығындағы балалар қатысады. Жобаға қатысу үшін www.bolashakcharity.kz сайтында сауалнама-өтінімді толтыру керек.

Сауалнамада баланың диагнозына, білім деңгейіне, дағдыларына және вербалды коммуникацияға қатысты сұрақтар бар. Баланың оқуға және әлеуметтенуге қабілетін бағалау мақсатында сауалнамаға баланың мінез-құлқы туралы бейне материалдарды қоса жіберу қажет.

Өтінім осы жылдың 2 сәуірінен 3 мамырына дейін bolashakcharity.kz сайтында қабылданады. Өтінім толтыру және қарау тәртібі сайтта осы жылдың 2 сәуірінде жарияланады.

Жобаға қатысу тегін. Бұл қайырылымдық жоба болып табылады. Жыл сайын өткізілетін Қысқы қайырымдылық балында жинайтын қаражатқа және жергілікті атқарушы органдарының қаражатына жүзеге асырылады.

«Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының серіктесі – «Nur Otan» партиясы, «Кедергісіз келешек» жобасының «Инклюзивті білім беруді дамытуға қолдау көрсету» бағыты шегінде.