Жаңалықтар

Анталияда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтуде

ашық дереккөзі

Анталияда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтуде

Кеше, 1 сәуір күні Түркияның Анталия қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин татамиге шықты. Алғашқы қарсыласы Андреа Карлиноны иппон ұпайымен ұтып, екінші кезеңге өтті. Алайда, екінші айналымда тәжірибелі бразилиялық балуан Эрик Такабатикеге есе жіберді.  66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бауыржан Сағынғалиұлы бағын сынады. Филиппиндік Шуген Наканоны жеңген ол екінші айналымда екі дүркін әлем чемпионы жапониялық Абе Хифумиден жеңіліп қалды. Жарыс 1-сәуірден 3-сәуірге дейін жалғасады. Бұл рейтингілік додаға Қазақстаннан 14 спортшы қатысады. Ерлер 60 келі: Мағжан Шамшадин 66 келі: Бауыржан Сағынғалиұлы 73 кел: Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағытбергенов 81 келі: Мәди Амангелді, Абылайхан Жұбаназар 90 келі: Асылан Сағитбек, Ерсұлтан Мұзафаров 100 келі: Айбек Серікбаев +100 келі: Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев Әйелдер 48 келі: Отгонцэцэг Галбадрах 57 келі: Севара Нышанбаева 63 келі: Зарина Шарипова