Екі айда халықтың 0,1% ғана екпе салдырған – Президент

Екі айда халықтың 0,1% ғана екпе салдырған – Президент

Екі айда халықтың 0,1% ғана екпе салдырған – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Үкіметке осы айда вакцина мәселесіне қатысты жағдайды өзгертуге тапсырма берді. «Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу арқылы сәуір айында жағдайды күрт өзгертуге тиіс. Барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңіздің, ата-аналарыңыз бен жақындарыңыздың сақтығы үшін қажет», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. Мемлекет басшысының айтуынша, ҚХР, Израиль, БАӘ тәжірибесі екпе ектірудің ойластырылған стратегиясы азаматтардың күнделікті өмірін қалпына келтіруге және экономиканың барлық секторының, оның ішінде, пандемиядан зардап шеккен салаларды қайта жандандыруға жол ашатынын көрсетіп отыр. «Коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айттым. Екі ай ішінде Қазақстан халқының 0,1% ғана екпе ектірген», – деп жазды Қ.Тоқаев. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді.  width=