«Оскар» салтанаты бірнеше мемлекетте өтуі мүмкін

«Оскар» салтанаты бірнеше мемлекетте өтуі мүмкін

«Оскар» салтанаты бірнеше мемлекетте өтуі мүмкін
ашық дереккөзі

«Оскар» салтанаты пандемияға байланысты Лос-Анджелестен басқа Парижде және Лондонда өтеді деп жоспарлануда.

Nollywood Reporter басылымының хабарлауынша, жаһандық пандемияға байланысты 93-ші рәсімнің ұйымдастырушылары салтанатты кешті Париж бен Лондонда өткізуге шешім қабылдаған.

АҚШ-тағы салтанатты кеш 25 сәуірде өтеді. Ал «Оскардың» Лондон мен Парижде қашан өтетіні әзірге белгісіз.

АҚШ-тағы марапаттаудың негізгі бөлімі екі жерде – Лос-Анджелестегі «Юнион Стейшн» вокзалында және Голливудтағы «Долби» театрында өтеді.

АҚШ-қа келетін шара қатысушылары 10 күндік карантинге жабылады. Ұйымдастырушылар барлық шығынды көтеруге дайын.