2 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

2 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

2 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
2 сәуірде Қазақстанның басым бөлігі әлі де жоғарғы қысым аймағында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, батысында және қиыр солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда мол жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, қиыр солтүстікте жаяу бұрқасынмен күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында екпіні 25 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауылмен. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.