Жаңалықтар

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласты

ашық дереккөзі

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласты

Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарының тұрақ алаңында жұдырықтасқан жүргізуші мен тұрақ қызметкері бір-бірінен және халықтан кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Polisia.kz. «Қарасай аудандық полиция басқармасында тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындап, бір-бірінен және халықтан кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды. Сонымен қатар, олар отандастарынан бұл оқиғаны талқылауды тоқтатуды сұрады, себебі жанжал жеке сипатта болды» – делінген хабарламада. Нәтижесінде, ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.