Президент тапсырмасы: Кәсіпкерлердің кредитін төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

Президент тапсырмасы: Кәсіпкерлердің кредитін төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

Президент тапсырмасы: Кәсіпкерлердің кредитін төлеу мерзімі кейінге шегеріледі
ашық дереккөзі
Елімізде карантиндік шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін кәсіпкерлердің кредитін төлеу мерзімін кейінге шегеру қажет. Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді.  «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», - деді ҚР Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ең алдымен Үкіметке зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін пысықтау қажеттігін айтты. «Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысын сынға алған еді. Президент сәуірде елдегі эпидемиологиялық жағдай түзелмесе, министрдің көңілін қалдыратын кадрлық шешім қабылдауға мәжбүр болатынын ескертті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі вакцинациялау жұмысының қарқынын арттыру жолын айтты.