Ердің ісі елге сіңеді

Ердің ісі елге сіңеді

Ердің ісі елге сіңеді
ашық дереккөзі
Халқымызда еңбегі ерен, ісі ізгі, өмірі өнеге бол­ған азаматтар аз емес.  Сондай ерен еңбегімен көп­тің сый-құрметіне бөленген, өз ісінің білгірі бола біл­­ген, қашанда қайырымдылық жасаудан жалық­пай­тын ел ағасы – Талғатбек Жанайдарұлы.  Аға өмірінің бас­­ты қағидасы – еңбек еткен ұжымына, туған жеріне, елі­не қолынан келгенше жақсылық жасау. Еліміз егемендік алып, тілімізге теңдік, рухымызға кеңдік тие бас­тағанда елордамызда жаңа білім шаңыра­ғы Л.Гумилев атындағы Еу­ра­зия ұлттық университеті ашылды. Ол бұрын­ғы Ақмола педагогикалық инс­титуты мен инженерлік-құрылыс инс­титутын біріктіруден туындады. Биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жат­қан білім ордасы қысқа уақыттың ішін­де еліміздегі ең таңдаулы, жастар­дың арманы болған жоғары оқу орн­ы­на айналды. Университетіміздің қарыштап дамуына  білім ордамыздағы қо­ғамдық ұйымдардың да үлесі қо­мақ­ты.  Соның бірі де бірегейі – кәсіподақ ұйы­мы. Талғатбек  ағамыз – сол  ұйым­ды жиырма жыл бойы абыроймен бас­қарып,  үлкенге құрмет,  кішіге ізет жа­сап, елдің құрметіне бөленген жан. Осы­дан екі жыл бұрын жастарға ор­нын беріп, құрметті демалысқа шық­қа­ны көпке үлгі болды. Қазақстанның мемлекеттік сый­лығының иегері, мемлекет жә­не қоғам қайраткері Мырзатай Жол­дас­бековтің Талғат аға жайлы былай деп еске алғаны бар:  «Университетке рек­­тор болып келгенде алдымен адам­дар­ды байқадым. Талғаттың аты жақ­сы, заты да жақсы. Талғаттың өзі де жақ­сы, сөзі де жақсы. Бұл бір өзі Алла­ның қалауымен, сондай-ақ ата-ананың ті­легімен дүниеге келген азамат деп ой­лаймын. Біреуді жамандағанын, бі­реудің үстінен күбірлеп сөз айтқанын ес­тімедім. Ондай мүмкіндігі болды Тал­ғаттың, өйткені мен Талғатқа сен­геннен кейін жаныма жақын ұстадым.  Екі туып, бір қалғаным емес.  Адамның ішін­дегі адамы болады ғой,  міне, сон­дай қалай мақтауға да, мақтануға да тұратын азамат.  «Бір әулеттің бағы бір кі­сінің басында тұрады» – дейді ғой бұрын­ғылар, мен осы университетке кел­ген сайын Талғатты көрсем универ­ситет­тің жағдайы жақсы екен деймін.  Бұл – адамның адамы. Мәселе біреудің ми­нистр болуында, үлкен лауазымды қыз­мет ұстауында емес,  осындай қара­пайым, жаяу жүріп халыққа қадірі ас­қан азаматтар болады.  Кәсіподақ жұ­м­ысының үлкен білгірі, көпшіліктің жа­нашыры, ылғи кез келген адамға жа­­ны ашып жүреді. Талғаттың өмір жасы ұзақ болсын, дені сау, отбасы аман болсын, көргені жақсылық бол­сын, бейнет көрмесін. Осы елінің, жұр­ты­ның алдында, өзінің қызмет істеп жүр­ген ұжымының ортасында абырой-беделімен жақсылап жүре берсін деп ті­леймін». Мырзатай ағамыз Л.Гумилев атын­­дағы Еуразия ұлттық уни­­вер­ситетінің ректоры қызметін бі­­раз жыл атқарғаны белгілі. Талғат аға сол кісімен талай ғалымдарды, жас, бо­­­­­лашағы бар ғылым саласында жүр­ген азаматтарды университетке тар­туға белсене атсалысқан азаматтың бірі болатын. Ол кезде Мырзатай аға­мыз­дың қасында Талғат ағамен бірге  атақ­ты ғалымдар, ғылымға өшпестей із қалдырған Кемел Ақышев, Ақселеу Сейдімбеков, Рымғали Нұрғалиев, Мыр­затай Серғалиев, қазір де аянбай ең­бек етіп жүрген белгілі ғалым Қой­шығара Салғараұлы болатын. Енді  Талғатбек ағамыздың өмір­дере­гінен сыр шертетін болсақ, доцент, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті кәсіподақ коми­те­тінің төрағасы болып қызмет атқар­ды. Университетке әр кезде тағайын­далған төрт ректордың тұсында со­лар­мен тізе қосып бірге жұмыс істеді. Ол 1969 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтын бі­тір­ген. 1969 жылдан 1971 жылға дейін Жамбыл қаласында рота коман­ди­рінің орынбасары болып әскери борышын атқарды. Ал 1971 жылдан бас­тап елімізге білікті мамандар даяр­лау саласында ұстаздық қызмет істей бас­тады. «Құрылыс механикасы» ка­фед­­расының оқытушысы, аға оқыту­шы, доцент болды. 1990-1995 жылдар аралығында құрылыс факультеті дека­нының орынбасары, кейін инженер­лік-экономикалық факультеті деканы­ның орынбасары қызметін атқарды. Педагогикалық жұмыстарда әр­қа­шан өзінің тәжірибесін же­тіл­діре отырып 47 жылдан астам бір жер­де қызмет атқарып келді. Қаншама жо­ғары білім иелерін даярлады. қазір олар еліміздің  көркейіп, өсуіне өз үле­сін қосып отыр. Университетке талай ғалым, ақын, мәдениет саласындағы, ғы­лым саласындағы майталмандардың жұ­­­мысқа келуіне атсалысты, универ­си­теттің деңгейін көтерді. Отырар кітап­ха­насы, жазу тарихы музейін, кейінгі жыл­дары қосылған білім мұражайын, күндіз-түні тыным таппай, қаншама де­ректермен, жәдігерлердің ең қажет­тісін сұрыптап, оны ашуға зор үлес қосты. Ауыр ота жасатқан универ­си­тет­тің ғалымдарына, оқытушы­лары­на материалдық қайырымды­лық­ты да жасаудан жалыққан емес. Кү­ні кеше ғана өмірден озған білікті ға­лым ағаларымыздың бірі Наубат Қа­лиевтің жүрегіне ота жасау үшін ауру­ханаға түскенде алғашқылардың бірі бо­лып қолдау білдірген болатын. Өмір­ден озарда Талғатбек  ағамызды ша­қырып, соңғы аманатын да тапсырған еді. Айта берсек мұндай жақсылық­тар­дың шегі жоқ деуге болады. Білімі мен қайратын, елге сүйіс­пеншілігін өзінің туып-өскен өлкесіне арнаған кісі. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісте  қол бастаған, арын жанынан жоғары қойған Жа­най­дар батырдың кенже ұлы Аста­на­ның Еуразия университетінің белді ұстазы болған. Көтерілістің 100 жылдығына орай Талғатбек Жанайдарұлына «Ерей­мен­тау ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Нұржамал

Әлменбетова