Президент Алексей Цойды қандай жағдайда орнында қалдыратынын айтты

Президент Алексей Цойды қандай жағдайда орнында қалдыратынын айтты

Президент Алексей Цойды қандай жағдайда орнында қалдыратынын айтты
ашық дереккөзі
Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысын сынға алды.  «Еңбек ұжымдарында, жекелеген жұмыс майдандарында коронавирустың бірнеше мәрте өршігенін ескере отырып, кәсіпорындардың, әсіресе жүйелі әрі қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларын белсенді иммундау қажет. Вакцинацияның ұзаққа созылуы – бұл абсрактілі емес проблема. Сөз елдің ұлттық қауіпсіздігі жайында болып отыр. Бұл қосымша науқастар және азаматтарымыздың өлім-жітімі. Бұл бизнестің табыстан айырылуы, бюджетке салықтың толық түспеуі, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі», - деді Мемлекет басшысы. Президент вакцинациялау қарқынының төмендеуіне ең әуелі Денсаулық сақтау министрлігі жауапты екенін еске салып, ведомство басшысы Алексей Цойға жағдайды түзеуге уақыт берді. «Алексей Владимирович, бұған дейін сізге дәл қазіргі кезеңде Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметтегі басты фигура екендігін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілетіңіз бар. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз. Дегенмен, одан кейін қарқынды айтарлықтай төмендетіп жібердіңіз. Сәуір бойы сіз жағдайды дұрыстауыңыз қажет. Олай болмаған жағдайда сіздің көңіліңізді қатты қалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл Үкіметке қатысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бұдан бұрын Президент коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқыны бойынша Қазақстан көшбасшы елдерден біршама артта қалып келе жатққанын айтқан еді. Мемлекет басшысының сөзінше, екі айда вакцина алғандар саны халықтың 0,2 пайызына да жетпейді.