Тілек те ортақ, тіл де бір

Тілек те ортақ, тіл де бір

Тілек те ортақ, тіл де бір
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейіне көтеретін уақыт келгенін айтқан болатын. Қазір қазақ тілін жетік білетін өзге ұлттардың қарасы қалың. Оған қоса қазақ жерінде өмір сүріп, бір ауаны жұтып, бір аспанның астында күн кешіп жатқан түрлі диаспора өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуі таңғаларлық жағдай болмауы керек екенін де ескеру керек. Қазақ жерін Отаны санайтын олар да тура осындай пікірде.  width= Владислав ТЕН: Бүкіл Қазақстан қазақ тілінде сөйлесе деп армандаймын
– Негізі, мен Таш­­кент қала­сы­ның тумасымын. Қа­­­зақстанға келгеніме он жыл, қазақ тілін үй­рене бастағаныма үш жыл болды. Ма­ман­ды­ғым – дәрігер. Сонымен қатар қазір тіл орталығының жетекшісімін. Сондықтан болар, мені көбісі полиглот ретінде таниды. Бірнеше тілде еркін сөйлеймін. Қазақ тілін ар­найы, басқаларға үйрету үшін оқи бас­тадым. Қазақы ортада өскен жоқпын, сон­дық­тан маған қазақ тілі шет тілі болды. Бар­­лығын басынан, нөлден бастап оқыдым. Қазақстанға, елордаға ең бірінші кел­генде барлығы орыс тілінде екенін көріп, қат­ты таңғалдым. Оған дейін Қазақстан туралы көп нәрсе біле бермейтінмін, бар­лы­ғы қазақша сөйлейтін шығар деп ой­лай­тынмын. Әлбетте, оңтүстік өңірлерде тілдің ахуалы жақсы, бірақ солтүстік өңірлердегі жағдай аса күрделі екенін байқадым. Сондықтан да тіл орталығын ашамын деген шешім қабылдадым. Алдағы уақытта қазақ тілін бұдан да тереңірек меңгеруге кіріс­пекпін. Грамматиканы, тілдің құрылымын толық білгеннен кейін орыстілді ауди­торияға шет тілі ретінде үйрете бастаймын. Қазір жергілікті кәрістер мен Кореядағы кәрістерге қазақша үйретіп жүрмін. Оқу­шыларымның қатарында ағылшын тілінде сөйлейтін америкалықтар да бар. Оларға қазақшаны ағылшын тілі арқылы үйрете­мін. Қазір орталығымызға көп адам келеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесін құрастырдым. Мен онда жалғыз емеспін, команда болып жұ­мыс істейміз. Қазір қоғамда қазақ тілін меңгеру қиын деген түсінік бар. Орыс тілі оңай, оны тез мең­геруге болады, қазақ тілі өте күрделі де­ген әңгімені меніңше, орыстілді қазақтар ойлап тапқан сияқты. Себебі олар үшін бұл – өте жақсы сылтау. Ал негізінен, әлем тіл­дерімен қатар алып салыстырсақ, қазақ тілі – үйренуге жеңіл тілдердің бірі. Ешқандай да қиындығы жоқ. Оған мен дәлел бола аламын. Мен тілді қазақтілді ортасыз, өз бетімше үйрендім. Маған бағыт-бағдар сіл­теп, үйрететін ұстазым да болған жоқ, ме­нің жалғыз мұғалімім – ғаламтор, Google, YouТube еді. Ғаламторға кірсеңіз, бәрі бар. Қа­зақ тіліндегі ақпарат аз дейді, иә, ағыл­шын, орыс тіліндегі ақпаратпен салыстыр­ғанда шынымен аз, бірақ, мен таптым ғой. Күнделікті қазақ тіліндегі ақпараттарды оқып, тыңдап жүретінмін. Яғни, бір сөзбен айтқанда тілді керек еткен адам міндетті түрде, еш қиындықсыз меңгеріп алады. Мен қазақ тілін оқып-үйренгеннен кейін, мен араласып жүрген, ең кемі елу қа­зақ азаматы қазақ тілін үйрене бастады; ал қазақ тілінен сабақ бере бастаған кезде олар­дың саны жүзге жуықтады. Ең бастысы, «Мен қазақпын, ана кәрістен қай жерім кем» деген мотивация бере алдым. Мен бү­кіл Қазақстан қазақ тілінде сөйлесе деп ар­мандаймын. Соған кішкене болсын өз үле­сімді қоссам, мен үшін үлкен қуаныш.
 width= Николай ПУТИЛИН: Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуі қазір таңданарлық жағдай емес
– Қазақ тілін қашан үйренгенім нақты есім­де жоқ. Ес білгелі қазақ тілінде сөйлеп ке­ле жатырмын. Қазір ойымды еркін жет­кізе­мін. Жалпы өзім орыс отбасында туып-өстім, әке-шешем де орыс ұлтынан. Екеуі де қа­зақша сөйлемейді. Туған қарындасым бар, ол да қазақша сөйлей алмайды. Ал қазақ тілінде еркін сөйлеп кетуіме бі­лім алған мектебім, ұстаздарым, ортам себеп­ші болды. Мұғалімдерім қазақ тілі мен әде­биеті пәнінен қалалық, облыстық олим­пиадаларға дайындап, қатыстырды. Жүл­делі орындар алып жүрдім. Солайша тіл бай­лығым, сөз қорым молайды. Мектеп бі­тір­ген соң жоғары оқу орнына түсіп, жур­налистикаға бет бұрдым. Көбінесе қазақша сөй­ледім. Бірақ ол кезде мен қазақша жаз­байтынмын, орыстілді журналист болдым. Кейіннен облыстық, қалалық  бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп, сосын Хабар 24 телеарнасының Шымкент қа­ла­сы және Түркістан облысы бойынша мен­­шікті тілшісі болдым. 2018 жылы қыр­күйек айында мені Нұр-Сұлтан қаласына жұ­­мысқа шақырды. Содан бері елордада жұ­­мыс істеп жатырмын. Қазір Invest Kazakhstan ком­паниясының баспасөз хатшы­сы­мын. Осы компанияға жұмысқа тұрған­нан бастап қазақ тілінде сөйлеп-жазуым тіптен жиіледі. Баспасөз хабарламаларын қа­зақ тілінде жаза бастадым. Қазір екі тілде де еркін жазамын. Күнделікті өмірде орыс­ша мен қазақшаны тең дәрежеде қо­л­да­намын. Қазақ тілін жетік білгеннен кейін, мені қа­зақ тілін этносаралық қарым-қатынас ті­ліне айналдыру реформасының жұмыс то­бына қосты. Сондай-ақ Тіл туралы заңға ен­гізілген өзгерістерді талқылайтын жұмыс топ­тарына да шақырту алдым. Жалпы қай қоғамда, қай елде жүрсең, сол жұрттың тілін білу өзіңе ыңғайлы бо­лады. Бірден сол жерге бейімделіп, кез кел­ген адамды түсініп, тіл табысып кете ала­сың. Барлық елде солай. Өзге ұлт өкіл­дері­нің қазақ тілінде еркін сөйлеуі қазір таң­данарлық жағдай емес. Бұрын болған шы­ғар, бірақ дәл қазір қазақша жетік білетін өзге ұлт өкілдері өте көп. Елордаға көшіп кел­ген кезде қазақша сөйлегеніме таңырқап қарағандар болды. Алайда мен бұл таңда­натындай дүние деп ойламаймын.
 width= Сабина ПАК: Абайдың 31-қара сөзін кәріс тіліне аудардым
– Кәріс ұлты­ның өкілімін. Қазір Ас­сам­блеяның жас­тар қозғалысының мү­шесімін. Кішкентайымнан қазақ тілінде сөй­леймін. Абай, Мұқағали сияқты ақын­дар­дың кітаптарын бауырларым, ағаларым­мен бірге таласа-тармаса оқитынбыз. Ағам екеуіміз Абайдың отыз бірінші қара сөзін кәріс тіліне аудардық. Бала кезімнен өзім де өлең жазамын. Мамандығым – қазақ тілі мен әдебиеті пә­нінің мұғалімі. Мәдениетті, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу үшін осы ма­ман­дықты таңдадым. Күнделікті өмірде де қазақша сөйлеймін, өзім мұғалім болғасын, бас­қа тілде сөйлегенім ұят болар еді. Өздері қазақ бола тұра, қазақша сөйле­мей­тін жастар мені қатты таңғалдырады. Қа­зақ жерінде өмір сүріп жүрген әр азамат қа­зақ тілін құрметтеп, қоғамдық орын­дарда, күнделікті өмірде тек қана қазақша сөй­лесе деймін.
 width= Жамалайл ЭЛИМХАНОВ: Ең бастысы – өз еліңе деген ықылас пен құрмет
– 1995 жылы Ше­­­­­шенстанда со­ғыс басталған кез­де отбасыммен Қазақстанға көштік. Бала­лық шағым Ақтау қаласында өтті. Орыс мек­тебінде өзге ұлттың балаларымен оқы­дым. Бәрімізге ортақ тіл орыс тілі болды. Қа­зақ тілінде сөйлегім келіп қызығатын­мын, бірақ еркін меңгеріп кете алмадым. Өйт­кені орта болған жоқ. Мектепті бітір­геннен кейін Қытай политехникалық уни­вер­ситетінің экономика және халықаралық сауда факультетіне оқуға түстім. Жоғары оқу орнында ағылшын және қытай тіл­де­рін­де білім алдым. Бакалавр дәрежесін алып, 2014 жылы Ақтауға оралып, мұнай-газ компаниясына жұмысқа тұрдым, шет тіл­дерін еркін меңгергенім пайдасын ти­гізді. Бірақ мені қазақ жерінде өсіп, білім алып, төрт тілде еркін сөйлесем де, мем­ле­кет­тік тілді неге білмеймін дейтін сұрақ ма­залайтын. Сөйтіп, ойлана келе қазақ тілін үйренемін деп өзіме сөз бердім. Тілді 2016 жылдан бастап үйрене бастадым. Екі жыл ішінде еркін сөйлей алатын деңгейге жеттім. Қазақстан азаматтары ұлты мен жа­сына қарамай мемлекеттік тілді білуі ке­рек деп ойлаймын. Қазақтілді орта бол­мады, мектепте орысша білім алдым деген сөздерді жиі естиміз. Алайда, ең бастысы – өз еліңе деген ықылас пен құрмет.
 width= Галина ДУРАЧЕНКО: Бір тілде сөйлейтін халықтың жаны бір
– Мен интерна­цио­нал отбасынан шықтым, соның ар­қа­сында бойыма бірнеше этностардың мә­дениетін сіңіріп өстім. Жасымнан екі тіл­де сөйлеп, екі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныс болдым. Қазір қай ортада болмасын өзімді еркін сезінемін. Туыстарымның арасында да екі мәдениетті біріктіретін көпірмін. Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің шығарма­лары менің жүрегімде ерекше орын алады. Ғұла­малардың шығармалары мен өсиетін оқып қана қоймай, оны өз өмірімнің ұраны еттім: Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл. Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен, Бiлiмсiз, Өнерсiз, Болады ақыл тұл. Мектеп кезінен сан түрлі сайыстарға қатысып келемін. Сол арқылы қазақ тілін одан әрі тереңірек біле түсемін. Тіл білгенім алдымнан көптеген есікті ашты. Бір тілде сөйлейтін халықтың жаны бір демекші, тіл арқылы мен халықтың сөзін түсініп қана қоймай, өзіме оның ішкі жан-дүниесін, мәдениеті мен ділін аштым.
 width= Мария ШТРОШЕР: Немістің қызы болсам да, қазақ тілін айрықша жақсы көремін
– Мен Алматы облысында туып-өстім, ұлтым – неміс. Қазақ тілін бала кезімнен бі­ле­мін. Көз ашқалы қазақы тәрбиемен су­сын­д­адым. Араласатын ортам да қазақы бол­ды. Мектеп кезінде домбыра үйірмесіне қа­тысқанмын. Мектепте де қазақ сыныбын­да оқыдым. Қазір Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті есеп және аудит мамандығының 4-курс студентімін. Алматы қаласындагы неміс этномәдени қоғамының мүшесімін. Қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкі­лі ретінде Jas qazaq, «Қазақ әдебиеті» га­зет­теріне сұхбаттарым шықты, телеар­на­да­ғы түрлі бағдарламаларға қатыстым. 2019 жылы Бурабай қаласында «Өз еліңді таны» атты республикалық жастар экспедиция­сына бардым. Ал өзімнің ана тілім, неміс тіліне келе­тін болсақ, бұл тілді жоғары деңгейде біл­ме­сем де үйреніп жатырмын. Немістің қы­зы болсам да, қазақ тілін айрықша жақсы көре­мін, ерекше құрметтеймін.