Екі айда вакцина алғандар саны халықтың 0,2 пайызына да жетпейді – Қ.Тоқаев

Екі айда вакцина алғандар саны халықтың 0,2 пайызына да жетпейді – Қ.Тоқаев

Екі айда вакцина алғандар саны халықтың 0,2 пайызына да жетпейді – Қ.Тоқаев
ашық дереккөзі
Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама артта қалып келеді. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  «Пандемиямен күрестің сәтті өтуі елдің бәсекеге қабілетілігінің негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Кемінде қысқа және орта мерзімде. Әлемдік қалыпқа келу өсімінің жиегінде қалып қоймау, аутсайдер елдер санатына түсіп қалмау маңызды. Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келеміз. Бүгінде иммундау курсын шамамен 47 мың адам (бірінші компонентпен 137 346 адам) аяқтады. Жағдайдың мұндай себебі қарапайым – вакцина жетіспеушілігі», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы Үкімет елді Спутник V бойынша уағдаластық пен отандық вакцина өндірісі елдің вакцинацияға қажеттілігін толықтай қамтамасыз ететіндігін айтып сендіргендігін еске салды. «Осы ақпараттың негізінде мен жаппай вакцинациялау 1 ақпаннан басталатындығын айттым. Екі ай өткеннен кейін халықтың 0,2 пайызға да жетпейтін бөлігі вакцина алған. Ендігі маған өзге мемлекеттердің басшыларымен қосымша вакцина жеткізуге қатысты келісуге тура келеді. Біз жедел жеткізілім үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүрміз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бұдан бұрын Президент ел тұрғындарын вакцинациялау жұмысының қарқынын арттыру жолын айтқан еді. Мемлекет басшысының сөзінше, тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Осы маңызды жұмысқа кәсіби мамандарды, жаппай екпе салуды қолдайтын белсенді азаматтарды тартқан жөн.