EMA - Еуразиялық музыкалық сыйлық иегерлері белгілі болды

EMA - Еуразиялық музыкалық сыйлық иегерлері белгілі болды

EMA - Еуразиялық музыкалық сыйлық иегерлері белгілі болды
ашық дереккөзі
Кеше кешке оңтүстік астанадағы «Алматы арена» Мұз айдыны сұрайында ЕМА жыл сайынғы жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қазақ эстрадасының әншілері мен әртістері қызыл кілемнен жүріп өтіп, ең әдемі көйлектерін жиналған қауымға паш етті. Шараға отандық шоу-бизнес өкілдері түгел дерлік жиналды. Әсерлі кешті тамашалауға 10 мыңға жуық адам келді. Сонымен, ЕМА 2016 - V Еуразиялық музыкалық сыйлығының иегерлері: «Ең үздік әйел образы» - Лидо «Үздік ұжым» - Yes17 «Үздік концерттік шоу» - Қайрат Нұртас «Үздік хип-хоп жоба» - Скриптонит «Үздік телеарналық образ» - Кәмшат Жолдыбаева «Үздік дуэт» - Айқын және Сосо Павлиашвили «Шоу-бизнестің дамуына үлес қосу» аталымы - Карина Абдулина «Еуразия әртісі» - Роза Рымбаева «Ең стильді ұжым» - «Нури» тобы «Үздік рок-топ - "LampЫ Orchestra» тобы «Үздік бейнебаян - Артур Төлеповтың «Без тебя» әніне түсірілген клип «Үздік ерлер тобы» - "The Jigits» «Үздік әйелдер ұжымы» - "КешYou" «Жыл үздігі» - "Ninety One» тобы «Үздік ән» - Максим Лесниковтың «Үнсіз сезім» әні «Үздік орындаушы» - Әлішер Кәрімов «Еуразия үздігі» - Алексей Воробьев «Үздік композитор» - Ренат Гайсин «Үздік орындаушы» - Индира Елемес «Интернет таңдауы» - Ернар Айдар.