Байлықтан артық достық бар

Халқымызда «Ынтымақ ырысқа жолығады, бірлік дәулетпен толығады» деген дана сөз бар. Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын біздің елде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері татулықты сақтап, ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып отыр. Кең байтақ елімізге жаңаша серпін берген Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде  ел ішіндегі береке-бірлік, қоғамдық келісім мен татулық туралы бірнеше мәрте атап көрсетілгені баршамызға ерекше әсер етті, көптің көңілінде жүрген  асқаралы арман-мақсаттарды тамыршыдай тап басты.

Қазір облысымыздың аума­ғында 105 этнос өкілі тұрады. Олар­дың топтасып қоныстанған өңір­лерінде 18 аудандық, 10 қала­лық, 23 облыстық, жалпы саны 71 эт­номәдени бірлестік белсенді қыз­­мет атқарып отыр. Алматы об­лы­сы атынан 28 адам Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшесі. Дос­тықтың алтын бесігіне ай­нал­ған Жетісу жерінде ұстанымы мен се­німі жылдар бойы нығая түскен 71 этномәдени бірлестік, әр этнос өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүруі­нің оңды тәжірибесін жи­нақ­тады.

Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында берген тапсырмасы негізінде, елі­міздің барлық өңірінде қоғамдық ке­лісім кеңестері құрылып, нәти­желі жұмыс істеуде.

Қоғамдық келісім кеңестерінің құрылымы аудандық және ауыл­дық деңгейді қамти отырып, әр әлеу­меттік салаға жетуі – біздің не­гізгі мақсаттарымыздың бірі.

Тәуелсіз Қазақстан тарихы Тұң­ғыш Президентіміз, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың есімімен ты­ғыз байланысты. Елбасының қа­зақстандық мемлекеттіліктің ір­гетасы берік болуы үшін этно­сара­лық татулықтың сақталуына, ел бірлігінің мықты болуына ба­сым­дық беруі – ел басқарудағы кө­реген қадам екенін қазір бүкіл әлем мойындады. Бұл орайда, Ел­басы бастамасымен құрылған, ел тіршілігінің бейбіт, тынысының еркін болуында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қам­та­масыз етіп отырған бірегей инс­ти­тут – Қазақстан халқы Ас­сам­блея­­сы атқарып жатқан қызметтің де үлесі ерекше. Халықтың рухани жаң­ғыруы мен эволюциялық дамуы – қоғамдық тұрақтылық жағ­дайында ғана қол жеткізе ала­тын құндылықтар. Сондықтан, саяси және экономикалық рефор­ма­лардың, ұлттық жаңғыру үрдіс­тері­нің қай-қайсысында да ел бір­лігі, халықтың тұтастығы тірек болу­да.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елбасы жариялаған Бес инс­ти­туцио­­налды реформалардың 4-ба­ғыты «Бірегейлік пен бірлікті ны­ғайту бойынша» атқарылатын ша­ра­ларды негізгі іске асырушы ре­тін­де бекітілді.

Қоғамдық келісім кеңестері – ре­форма аясында қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табу және талқылау алаңдары болып қала бере­ді және мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеп, жүзеге асыруға ықпал етеді.

Алматы облысында 312 қоғам­дық келісім кеңесі бар. Оның ішінде 1 облыстық, 20 аудандық, 291 ауылдық деңгейде қоғамдық ке­лі­сім кеңесі жұмыс істейді. Әри­не мәселе құрылған кеңестердің санында емес, жұмыс сапасында.

Барлық деңгейдегі қоғамдық ке­лісім кеңестерінің мүшелері –
1 108 адам. Олар: этномәдени орта­лық­тардың өкілдері, ардагерлер, ана­лар, жастар, кәсіподақ өкілдері жә­не ауылдық округ әкімдері мен по­ли­цияның учаскелік инспек­тор­лары.

Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерін құру арқылы еліміздегі азаматтық қоғам мен мемлекеттік мекемелердің қызметін бір арнаға тоғыстырдық.

Барлық 312 қоғамдық келісім кеңесі І тоқсанның қорытындысы бойын­ша түрлі деңгейдегі 45 іс-шара өткізді, 182 өзекті мәселе қара­лып, оң шешімін тапты. Өйт­кені, қоғамдық келісім кеңестері өз қызметін қоғамдық бақылау, ме­диа­ция, қайырымдылық сияқты Ассамб­леяның жаңа міндеттерімен толықтырып келеді. Атқарылған тағылымды шаралар бір-бірімізді жақындастырып, өткенді ұмытпай, ұрпақтар сабақтастығын жаң­ғыр­туға жол ашады. Қайырымдылық жа­сасақ, толыққанды отбасылар, мейірімді жандар қатары көбей­мек. Қазақстан халқы тарихтың сан тегеурінінен өткен, сыналған, шың­далған. Сондықтан, бейбіт өмір­ді бағалай білетін еліміз бір ата­ның баласындай, бір қолдың са­ласындай ұйымшылдығының ар­қасында қандай дағдарыстың да те­геурініне төтеп бере алатынына се­немін.

Халқымыз басынан өткерген қилы кезеңдердегі тарихи үдеріс­тер салдарынан қазақ жеріне сан алуан ұлт өкілінің қоныстануы біз­дің тағдырымызды сол этнос­тар­мен ортақтастырды. Басып-жан­шып, отарлау саясатынан туын­даған сын-тегеуріндерді ең­сере отырып, сан ұлт өкілдерінің па­насына айналған мемлекет құрау­шы қазақ ұлтының мәмілегер мінезінің арқасында біз бүгінде бір­тұтас Қазақстан халқына айнал­дық.

Көпұлттылық және көп кон­фес­сиялылық – біздің еркімізден тыс телінген тағдырымыз. Мәдени бай­лығымызды молайтып, ерен ең­бегімен мақтанышымызға ай­нал­ған этностардың тағдыр-та­лайы ғана емес, салт-санасы, на­ным-сенімі де қазақ халқына ам­а­нат болып отыр. Сондықтан, біз­дің өзге де заңдарымыз сияқты, «Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы тура­лы», дін туралы заңнамамыз да сан ұлттың сенімін түгел ескеріп, ұл­ты­на, дініне қарамай, ешкімнің мүд­десіне нұқсан келтірмеуге, әрі еш­­кімнің заң талаптарын бұзуына жол бермеуге негізделген. Өскелең ұрпақтың әртүрлі өзге діни ағым­дар­ға ілеспей, қоғамға жат әдет­тер­ден бойларын алыс ұстау­ларына Қо­ғамдық келісім кеңестері мүше­лері белсенділік танытып, жас­тар­дың бойындағы туған жерге, елге де­ген сүйіспеншілігін арттыруда ел­мен етене араласып, тағылымды ша­ралар ұйымдастыруда.

Қорыта айтқанда, өз жолымен жүріп, қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлікті сақтап, нығай­ту­дың бүкіл әлем үйреніп отырған моделін жасаған Қазақстанның біре­гей институты – Қазақстан хал­қы Ассамблеясының қызметі өл­шеусіз. «Байлықтан артық дос­тық бар, достықтан артық байлық жоқ», – дейді халқымыз. Біздің бас­ты байлығымыз, оның құнды­лы­ғы – қоғамдық келісім, елдің бір­лігі, татулығы.

Келелі істердің толайым табыс­тарын 105 этнос өкілі мекен еткен Жетісу жұртшылығы бірге көріп, ұлт болып ұйысып, халық болып қай­рат танытуда.

 

Сәуле ҚАРАМОЛДИНА,

Алматы облыстық

Қоғамдық

келісім кеңесінің Талдықорған

қаласы бойынша орынбасары

Back to top button