Президент вакцинациялау жұмысының қарқынын арттыру жолын айтты
1 сәуір, 2021 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Президент вакцинациялау жұмысының қарқынын арттыру жолын айтты
Тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Осы маңызды жұмысқа кәсіби мамандарды, жаппай екпе салуды қолдайтын белсенді азаматтарды тартқан жөн», - деді Президент еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.