«Қазгидромет» мамандары сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты

Сәуір айына арналған ауа райы болжамы жария болды. Синоптиктердің хабарлауынша, көктемнің екінші айы негізінен суық болады, күннің жылынуы тек сәуірдің 20-нан кейін ғана күтілуде.

«Қазгидромет» РМК мамандары ұсынған ауа райы болжамына сәйкес, сәуірде республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы +2 +9 градус болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Батыс-Қазақстанда, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстары, Қарағанды ​​облысының оңтүстік-батысында 10-16 градус жылы болады деп күтілуде.

Бір ай ішінде республиканың батысында және солтүстік жартысында Каспий теңізінің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан циклондардың келуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Сәуір айы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр) болмақ, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы аймақтарда аралас қар аралас жаңбыр мен бұрқасын болуы мүмкін.

Жел 15-20 м/с дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ге дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен) жетуі ықтимал, республиканың кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Алғашқы онкүндіктің басында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, тек батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республикада ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде және күндіз жоғарылайды деп күтілуде: батыста түнде +2 +7 градусқа дейін, күндіз +5 +15 градусқа дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста бірінші онкүндіктің екінші жартысында, түнде -5 -15-тен -2 +3 градусқа дейін, күндіз +2 +10 градусқа дейін, орталығы мен шығысында – кей жерлерде +13 градусқа дейін; республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 0, -8-ден +2 +10 градусқа дейін, күндіз +5 +15-тен +10 +23 градусқа дейін жоғарылайды.

Алғашқы онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі температураның төмендеуі болжануда.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массалары келіп, температура жоғарылауы мүмкін: елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында күндіз 15-25 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда және батыста 20-30 градусқа дейін күн жылынады. Алайда, суық ауа райының қайта оралуы және ауа температурасының едәуір төмендеу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.

Ресейдің аумағынан республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына салқын ауа массалары келетін болса, термометр бағандары түнде 0, -9 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, күндіз +3 +8 градусқа дейін көтеріледі, елдің оңтүстік облыстары мен батысында – түнде -5 + 7 градус, күндіз +10 +17 градус болады деп күтілуде.

Back to top button