Көрші болсаң, тату бол

Сыртқы саясатта көпвекторлы бағытқа арқа сүйей­тін Қазақ­стан Республикасы өзімен көршілес Ресей, Қытаймен, сон­дай-ақ АҚШ, Еуропа Одағымен де теңдей қарым-қатынас жасап, бар­лық салада ұтымды бай­ланыс орнатқан. Бұл жас тәуелсіз мем­лекеттің бо­лашаққа сергек қарап, халықаралық қарым-қатынаста өзінің дербес саясатын жүргізе білетінінің көрінісі.

Әр елдің геосаяси жағдайына қа­рай өз ерекшелігі болады. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның өзімен тағдырлас Орталық Азия мем­­лекеттерімен, Ресей секілді ірі дер­­жавамен, сондай-ақ эконо­ми­ка­лық жағынан қатты дамып келе жатқан Қытаймен шекаралас болуы  еліміздің сыртқы саясатта әлемнің басқа елдеріне ұқсамайтын өзгеше тәсілді таңдауына мүмкіндік берді.

Бүгінде Қытай мен Қазақстан арасында екіжақты келісімге не­­гізделген экономикалық қарым-қа­тынас орнағаны ешкімге жасы­рын емес. Қытай үшін Қазақстан − Еу­ропаға шығар жол. Бір кезде Қы­тайдың сауда-саттық жасайтын ке­руендері Орталық Азия жерінен өте­тін Жібек жолы арқылы шетке шық­са, кейін дәуірлер алмасып, за­ман өзгеріп, бір кезде Жібек жолы кесіп өтетін далаларда өзгеше тұр­пат­ты мемлекеттер бірлестігі − КСРО пайда болғаннан кейін ол қа­тынас тоқтады. Дегенмен еліміз тәуел­сіздік алып, 1992 жылы 3 қаң­тар­да Қытай Халық Республика­сы­мен дипломатиялық байланыс ор­н­а­ғалы бері екі елдің ортақ мүддесі тұр­ғысынан көптеген жоғары дең­гейлі шаралар жүзеге асты.

1992 жылы ақпанда Алматыда Қы­­тай елшілігі, Бейжіңде Қазақстан елшілігі ашылып, екі ел арасында сауда-экономикалық, мәдени және әс­кери салалардағы  байланыстар дами бастады. Қазақстан Пре­зи­ден­ті Н.Назарбаев Бейжіңде, ҚХР төра­ға­сы Цзянь Цзэмин Алматыда бір­не­ше рет ресми сапармен болды. Осы­ның нәтижесінде 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мә­се­лесін түпкілікті шешу жөнінде ке­лісімге келіп, шекара анықталды. Бұл біздің еліміз үшін сыртқы сая­саттағы үлкен жеңістің бірі болды. Со­лайша 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ре­сей, Қазақстан, Қырғыз Республи­касы, Тә­жік­стан басшылары шекара мәс­е­лелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. Кейін 1998 жылы 3 шіл­деде Шанхай келісіміне қаты­су­шы – 5 ел басшылары Ал­ма­тыда бас қо­сып, Орталық Азия­­дағы және жал­пы Азия құрлы­ғындағы қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету және ынты­мақ­тастықты нығайту мәсе­лелерін қа­растыру мақсатында тұрақ­ты не­­гізде сарапшылар, сырт­қы істер ми­­нистрлері, үкімет және мемлекет бас­шылары деңгейіндегі кездесу­лер­­ді өткізу туралы келісімге келді.

Қытай мен Қазақстанның бай­­­ланысы туралы айтқан­да ерекше тоқтала кететін жобаны бірі – «Бір белдеу – бір жол». Оны 2013 жылы  елордада Қытай елінің бас­шысы Си Цзиньпин алғаш рет «Жі­­бек жолының» экономикалық бел­­деуі» жобасы ретінде ұсынған бо­­латын. Мұны баяғы тарихи Жібек жо­­лының ХХІ ғасырдағы жаңғыруы деп түсінуге де болады. Бүгінде мем­лекетаралық келісім негізінде жү­зеге асып жатқан бұл жобадан Қа­зақ­стан мен Қытай ғана емес, Еу­ра­­зия кеңістігіндегі өзге елдер де тиім­­ді пайдалана алады деп са­най­ды сарапшылар. Мәселен, аме­ри­ка­лық ғалым Фрэнсис Фукуяма бұл жайында «Егер осы ірі трансеура­зия­лық «Жібек жолының» эконо­ми­­калық белдеуі» жүзеге асатын бол­­са, Индонезиядан Польшаға дейін­­гі Еуразия аймағы үлкен өз­ге­ріс­ке ұшырайды. Сондай-ақ, Ор­та­­лық Азия мемлекеттері жаһандық эко­­номикалық аумақтағы шеткі ай­­мақтардың бірінен орталық да­мы­­ған аймақтардың біріне айна­ла­ды» деп пікір білдірген еді.

Еуропа мен Азияның арасына көпір іспетті болып тұрған Қа­зақстан Қытайдың Еуропа на­ры­ғы­на шығуына мүмкіндік беретін бір­­ден-бір ел ретінде өз мүмкіндігін жақ­­сы пайдалануы тиіс еді. Бұл Қы­та­й­­дың «Бір белдеу – бір жол» жо­ба­­­сының принципіне де қайшы кел­­мейтіні белгілі. Сондықтан «Ба­тыс Еуропа − Батыс Қытай» ха­лық­ара­лық транзиттік автожолы ежел­гі Ұлы Жібек жолының қазіргі за­ман­ға лайықталған баламасы ре­тін­де Қытайдан өзге бірнеше елге пай­­дасын тигізетін жоба ретінде тез бекітілгенін атап өту керек. Бұл тран­­зиттік дәлізді жасау идеясы 2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасы Нұр­­сұлтан Назарбаев Жолдауында көрі­ніс тапты. Ұзамай 2008 жылы 22 қыркүйекте Ресей Феде­ра­ция­сы­мен, 2009 жылы 16 сәуірде ҚХР Ком­­муникация министрлігімен Ба­­тыс Еуропа − Батыс Қытай ав­то­кө­лік дәлізін құру жайлы ме­мо­ран­дум­­ға қол қойылды. Жоба жүзеге ас­­қанда Санкт-Петербор мен Чженч­жоу аралығындағы 8 445 ша­қырым 10 тәуліктік сапарды қам­ти­ты­ны белгілі болды. Са­лыс­тыр­малы түр­де айтсақ, Транссібір темір жо­лы­мен екі қала арасын (11 500 ша­қы­рым) 14 тәулік ішінде жүріп өту­­ге мүмкіндік болса, теңіз жолы бұ­дан да ұзақ уақытқа созылатыны бел­гілі. Демек, құрлық арқылы жү­ре­­тін «Батыс Еуропа – батыс Қытай» жо­­лы мүдделі тараптарға едәуір тиім­­ді екені көрініп тұр.

Ал бұл жолдың жалпы көлеміне қа­­р­ай отырып, оны елдерге бөлсек, жол­­дың Қазақстан жерімен өтетін ұзын­­дығы – 2 787 шақырым. Ол елі­­­міз­дің бес өңірінің, атап айт­қан­да, Ақтөбе, Қы­зыл­ор­да, Түркістан, Жамбыл және Ал­маты облысының аумағы­нан өткен. Сондай-ақ жол­­дың қалған 2 233 шақырымы Ре­сей Федерациясына тиесілі болса, 3 425 шақырымы Қытай Халық Рес­пуб­ликасының еншісінде. Жобаның Қа­­зақстан аумағындағы құны 825,1 мил­лиард теңге болса, оның 2 125 млн долларын «Еуропалық қайта құру және даму банкі», 340 млн дол­ла­­рын «Азия даму банкі», 170 млн дол­­ларын «Ислам даму банкі» қар­жы­­ландырған.

Қытaй жобалаған «Бір белдеу − бір жол» бағдарламасы Азия мен Еуропа құр­лық­та­­ры­ның үстімен өте­тін тас­жол­дар­мен ғана шектел­мей­ді, Қытайдың бо­ла­шақ эко­номикaлық белдеуінің Азия мен Еуропa ғана емес, Аф­ри­кa­­ны да жалғастыратын халық­aра­лық дәліздер Оңтүстік Қытaй теңі­зі­нен басталып Азияның оңтүсті­гі­нен өтіп, одан әрі Бaтыс Еуропамен жал­­ғастыратын су жолдарының мар­шруттары да бар. 2011 жылдың шілде айында Қытай өзінің бaтыс аймақтарын Шыңжан-Ұйғыр ав­тономиялық облысы, Қазaқстан, Беларусь, Польшa және Гермaния ау­ма­ғы арқылы Еуропaмен жал­ғас­ты­ратын 11 000 шaқырымдық те­мір­­жол торабын іске қосты. Бұл орай­­да жобaдағы Қазақстанның трaн­­зиттік әлеуетінің де маңызы зор.

Мұндай мемлекетаралық жо­балардан кез келген мем­лекет өзіне тиісті пайдасын к­өріп қалуға ұмтылатыны сөзсіз. Сон­дықтан Қазақстан Респуб­ли­кa­сы өз аумағынaн өтетін «Жaңа Жі­бек Жолы» тармақтарын ел ту­риз­мі үшін қолдануға мән берері анық. Бұл орайда ЮНЕСКО-ның Бүкілә­лем­дік мұрасына енген Қожa Ахмет Ясауи кесенесі, Тaмғалы петроглиф­тері, Сарыaрқа мен Солтүстік Қа­зақстaндағы көлдер, Қорғалжын жә­не Наурызым қорықтaры, сон­дай-ақ, кейінгі кезде әлемдік мұ­ра­лар қатарына қабылдaнған Қаялық, Қара­мерген, Талғар, Ақыртас, Құ­лан, Қостөбе, Өрнек және басқа та­­­рихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға көңіл бөлінсе, ел қазынасына қыруар қаражат түсер еді. Демек, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын жолдың біздің көлік-трaнзиттік және логисти­кa­лық әлеуетімізді көтеруге ғана емес, экономикаға күш беретін туризм са­ла­сының өркендеуіне де зор пай­да­сын тигізер еді. «Бaтыс Еуропа – Батыс Қытaй» жолының Қазақстан экономикасына әсері бар десек, тран­зиттік дәліз маңайындағы жер­лерде инфрaқұрылым дамып, сол ар­қылы автомобиль жолдары, те­мір­жолдaр, құбырлар жаңарып, со­ның негізінде жаңа жобaлар пай­да болады. Сосын жоғарыда айт­қанымыздай, жаңғырған Жібек жо­лы Қазақстан мен Ортa Азияның туризм саласына серпін береді. Бір кезде Жібек жолының бойына ор­наласқан көне Сауран, Отырар, Сай­рaн, Алтынтөбе, Тараз шаһар­ла­рын бүгінгі коммуникaция арқылы әлем­ге танытa алсaқ, келешекте Ор­тaлық Азияның үстінен өткен байыр­ғы керуен жолы туризм ор­тaлықтарына айнaлуы әбден мүм­кін. Ең бастысы, «Бaтыс Еуропa — Ба­тыс Қытaй» жолы бойында қыз­мет көрсету саласы дамиды. Түрлі жол бекеттері, тамақтану, демалу орындaры, көлікті шұғыл жөндеу стансалары секілді бизнес түрлері дамып, ел азаматтары үшін көпте­ген жұмыс орындары ашылар еді. Сол секілді халықаралық жолда қауіп­сіздікті қамтамасыз ету үшін де арнaйы әскери қызмет жасaқ­тары да құрылатын болады.

Қытай мен Қазақстан ара­сын­дағы ең үлкен байла­ныс сауда-саттық мәселесінде көрінеді. Мәселен, 2018 жылы Қытаймен сау­да айналымының үлесі Қазақ­стан­ның жалпы сауда айналымының 12,3 пайызына тең болды. Сол жыл­дың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы сауда көлемі 11,4 пайыз­­ға өсіп, 11,7 миллиард АҚШ дол­ларына жеткен. 2019 жылдың же­ті айында тауар айналымы 8 мил­­лиард АҚШ доллары болса, 2020 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда 19,96 миллиард АҚШ долларына жеткен. Сондай-ақ, өткен жылы қытайлық компаниялар Алматы фотоэлектр­лік электр стансасын, Жамбылдағы Жаңа­тас жел электр стансасы жо­ба­­­сын және Қарағанды қала­сын­дағы ферросиликон кеніндегі YDD термоэлектрлік пешін, Тургусун ГЭС-і жұмысын аяқтап, пайдалануға берген. Өткен жылдың соңындағы мәліметтерге қарасақ, Қазақстан­ның жиынтық тауар айналымы 55,6 млрд АҚШ доллары болған. Сау­да-саттықтың 29 пайызы  ЕО ел­­дерімен, 20 пайызы – Ресей және 18 пайызы  Қытаймен жасалған. Де­­мек, Қытай бүгінде Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі са­на­ла­ды.

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Back to top button