Алматыда тауық жұмыртқасының шекті бағасы белгіленді

Алматыда тауық жұмыртқасының шекті бағасы белгіленді

Алматыда тауық жұмыртқасының шекті бағасы белгіленді
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігінің қаулысымен 1 сәуірден бастап I санатты жұмыртқаға шекті баға белгіленді. Құжатқа сәйкес, I санатты тауық жұмыртқасының он данасы үшін 487 теңге мөлшерінде баға белгіленіп отыр. Тиісті қаулы осы айдың аяғына дейін жарамды. Аталған шара нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеу үшін қолға алынып отыр. «Бұдан бұрын Алматыда мұндай реттеу механизмін қолдану оң нәтиже көрсетті. Өткен жылдың соңында қарақұмық жармасы мен қантқа шекті баға белгілеу қалада өнімнің бір келісінің орташа құнын сәйкесінше 375 теңгеден 360 теңгеге дейін және 256 теңгеден 252 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қаулы бойынша бекітілген бағалардың сақталуын Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп бақылайды. Егер кәсіпкерлер қаулыға құлақ аспай, бағаны көтерген болса айыппұл салынады. Аталған іс-әрекеттер бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.