Алматыда коронавирусты қай саланың мамандары жиі жұқтыратыны айтылды

Алматыда коронавирусты қай саланың мамандары жиі жұқтыратыны айтылды

Алматыда коронавирусты қай саланың мамандары жиі жұқтыратыны айтылды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді. Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай ұшығып тұр. Қала бұрынғыдай «қызыл» аймақта. «Пандемия басталғалы қалада вирус жұқтырудың 34 598 жағдайы тіркелді. Ал 2021 жылдың басынан бері 16 077 жағдай анықталды, оның 9 525 жағдайы тек наурыз айында тіркелген. Яғни наурыз айында жұртшылық арасында вирустың тарауы өрши түскен. Соңғы 7 күндегі вирустың таралу динамикасы өте жоғары, мәселен, 25 наурыз күні 333 жағдай анықталса, 31 наурызда ол 515-ке жетті», - дейді ол. Сонымен қатар ол вирусты кімдер көптеп жұқтырып жатқанын айтты. «Кеше вирус анықталғандардың көпшілігі - жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар немесе ЖШС-де жұмыс істейтіндер. Сондай-ақ жұмыссыздар да бар. Вирусты негізінен осы санаттағы адамдар жұқтырып жатыр», - деді эпидемиолог дәрігер.