Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік  күнтізбесі
ашық дереккөзі
1993 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Респуб­лика­сы Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштер құрамындағы Әскери-теңіз күштері құрылды. 1999 жылғы 3 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия – біздің ортақ үйіміз» атты кітабы жапон тілінде жа­рық көрді. 1994 жылғы 4 сәуірде «Қазақстан телеарнасы және ра­диосы» республикалық корпорациясы құрылды. 1997 жылғы 5 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. 1992 жылғы 6 сәуірде Казақстан Канада және Палес­тина елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас ор­нату туралы ноталар қабылдады. 1993 жылғы 6 сәуірде Қазақстан мен «Шеврон» (АҚШ) мұнай корпорациясы арасында «Теңізшевройл» бір­лескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасалды. 2008 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында қол қойылған Лаңкестікпен, сепаратизммен және экстре­мизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына өз­геріс­тер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау ту­ралы» және «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріс-тұрысы жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды. 2009 жылғы 7 сәуірде Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгеріне арналған Еске алу аллеясы ашылды. 2010 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 2010 жылғы 8 сәуірде Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қара сөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 1999 жылғы 8 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығы­мен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көк­шетауға көшірілді. 2000 жылғы 9 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласында өткен «Қорқыт ата кітабы» эпо­сының 1300 жылдығына арналған мерекелік мәжі­ліс­ке қатысты.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ