Министрлер газет-журнал оқи ма?

Министрлер газет-журнал оқи ма?

Министрлер газет-журнал оқи ма?
ашық дереккөзі
Соңғы уақытта ғаламтор мен түрлі ақпараттық порталдар дәстүрлі бұқара­лық ақпарат құрал­дарын ығыс­тырады деген пікірді жиі естиміз. Десе де БАҚ нарығының сарап­­шылары ғана емес, психологтар да алдағы уақытта адам­дар мо­ни­тор­дан жалығады деп есеп­тейді. Яғни дәстүрлі, бірақ мазмұны жа­ғынан жаңа­ша газет-журналдар еш­қашан сұра­­ныссыз қалмақ емес. Мәселен, Ұлыб­ри­танияда жүргізілген зерттеу қорытындысы жалған ақпарат пен жарнамаға толы осынау уа­қытта мер­зімді басылымдар қайтадан ха­лық сұра­нысына ие бола бастағанын көр­сетіпті.  Елімізде де мерзімді басылымдардың қо­ғамдағы орны ерекше. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылы қазақ­стан­дықтар «Қазпошта» АҚ арқылы 55 017 018 дана газет-журналға жазылған. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі оқитын әрі оқуға кеңес беретін мерзімді басылымдарды атап өткен болатын. Онда осы жолы Тúrkistan газеті еліміздегі министрлерден қандай газет-журнал оқитынын сұрап, сауал жолдады. Сауалымызды назардан тыс қалдырмаған тоғыз министрдің жауабы мынандай болды:  width= Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Egemen Qazaqstan, «Казахстанская прав­да», Aiqyn, «Ли­тер», «Время», Túrkistan, «Аргу­мен­­т­ы и факты», «Ком­­сомольская прав­да» сынды рес­пуб­­ликалық басы­лым­дардың жаңа са­ны жұмыс үсте­лін­де міндетті түр­де тұратынын ай­та­ды. Министр осы ақпарат құралдары арқылы еліміздің күн­де­лікті тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа­лық­тан хабардар болады. Сонымен қатар Tengrinews.kz, Ин­форм­бюро.кз, «Капитал», Kazinform, «Азаттық ра­диосы», «Фармация Казахстана», «Ме­дици­на» сияқты ақпарат порталдарыда үнемі на­зардан тыс қалдырмай, шетел басылым­дарының ішінен халықаралық «Евразия» журналын оқиды екен.  width= Газет-журналдардың қоғамда алатын орны, журналдар, газеттер, көркем әдебиет ғылым мен мәдениеттің барлық жетіс­тік­терін ұрпақтан-ұр­пақ­қа аманат етіп жеткізудің негізгі құ­ралы, білімнің қай­­нар көзі екенін атап өткен Қорға­ныс министрі ге­не­рал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Egemen Qazaqstan, «Ка­захстанская прав­­­да», Aiqyn, «Сар­­­баз», «Время» жә­не «Айбын», «Прос­тор», «Жұл­дыз» журналы сияқ­­ты қазақстан­дық басылымдарға, «Зарубеж­ное воен­ное обозре­ние», «Тех­­­ника и воору­же­ние», «Известия», «Независимое военное обозрение», «Военно-промышленный курьер», «Оружие» сияқты газет-журналдарға жазылғанын айтты. Сонымен қатар Қорғаныс министрі күнделікті жаңалықтармен интернет желісі арқылы танысады.  width= Ал Мәдениет және спорт министрлігі отандық басылымдардың көпшілігіне жазылған. Министр Ақтоты Райымқұлова жалпы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын көбінесе онлайн нұс­қада, ал елімізде қа­зақ тілінде шы­ға­тын республи­ка­лық газет-журнал­дар­­ды, атап айт­қан­­да Egemen Qazaqstan, «Қазақ әде­биеті», «Жұл­дыз», «Жалын», «Ана тілі», «Жас Алаш», Túrkistan, Aiqyn, «Заң газеті», «Қа­зақ спорты» жә­не тағы басқа басылымдарды жаздырып алып оқиды. Ведомствоның баспасөз қызметі ми­нистрдің күнделікті республикалық, тіпті облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған еліміздегі басты жаңалықтар мен министрліктің қызметіне қатысты ақпараттық шолуымен оқып-танысуын ұйымдастырады екен.  width= Әділет ми­нист­рі Марат Беке­таев та жалпы отандық жә­не шетелдік бұ­қара­лық ақпарат құрал­да­рын он­лайн фор­мат­та оқи­ды. Одан бөлек Egemen Qazaqstan, «Ка­зах­стан­ская правда» рес­пуб­ли­ка­лық газет­теріне жа­зы­лыпты. Сонымен қатар ведомство басшысы баспасөз қызметі дайындаған күнделікті республикалық, облыстық, қалалық, аудандық басылым­дарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған еліміздегі басты жаңалықтар мен министрліктің қызметіне қатысты ақпараттық шолуымен оқып-танысады делінген жауап хатта.  width= Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин заманның талабына сай кез келген жаңалық пен маңыз­­ды ақпарат­ты оқуға тырысады. Ты­ғыз жұмыс кес­те­сіне және маңыз­ды іс-шаралардың көптігіне байла­ныс­ты күнделікті ба­қылауға уақыты кей­де жетпей жат­са да, мүмкіндігін­ше қоғам пікіріне ық­­палы бар Egemen Qazaqstan рес­пуб­ли­калық газеті, «Казахстанская прав­да» жал­пыұлт­тық газеті және та­ғы басқа газет-жур­нал­дарды оқитынын айтады. Бұдан басқа, британдық The Times газе­тін, ай сайын жарық көретін танымал Harvard Business Review ғылыми журналын, ға­лымдарға арналған The Scientist кәсіби жур­налын, танымал Tech Crunch стартап ха­­бар­шысын онлайн форматта оқиды. Ми­нистр жұмыс бабына кедергі болмайтын кез­де халықтың көпшілігі бақылайтын әлеу­меттік желілерді де қарайтынын тілге тиек етті.  width= Сыртқы істер министрі Мұхтар  Ті­леу­­берді де алыс-жақын шетел және отан­дық басылым­дар­ды күнделікті жүйелі түрде оқып, на­за­ры­нан тыс қал­­дыр­май­тынын айтады. Министр ағыл­шын тіліндегі Was­hington Post, New York Times, Financial Times секілді ба­­сы­­лымдардан бө­лек, Ресей және Қы­тай, Орталық Азия басы­лым­дарының элек­тронды нұс­қа­л­арын тіке­лей де­рек­­көз­ден оқып, елі­мізге қатысты жаңа­­лықтарды жүйе­­лі түрде сарап­тап отырады. Одан бөлек, министр Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Ана тілі», Aiqyn, «Литер» және «Қазақ әдебиеті» сияқты басы­лымдарды назардан тыс қалдырмай оқиды. Бас­пасөз қызметі үнемі министрді ақпарат­тық кеңістіктегі басты жаңалықтармен және оқиғалармен таныстырып тұрады.  width= Ауыл шаруашылығы министрі Са­пар­хан Омаров елі­міздегі, аймақ­тар­дағы жаңа­­­лық­тарды тұ­рақ­ты түр­де бұ­қара­­лық ақпа­рат құрал­дары ар­қы­лы көріп, хабар­дар болып отырады екен. «Газет-журнал­дар­ға келетін бол­сақ, министрліктің баспасөз қызметі жалпы саны 40-қа жуық республикалық және аймақтық басылым­дарға жазылған. Оның ішінде ақпараттық, та­нымдық басылымдардан бөлек ми­нистр­ліктің құрылымдық бөлімшелерінің тікелей қызметтеріне қатысты қаржылық, салық, заң тағы да басқа салалық бағыттардағы соң­­ғы өзгерістер мен жаңалықтарды жария­лап отыратын арнайы газет-журналдар да бар.
"Сапархан Кесікпайұлы Egemen Qazaqstan, «Казахстанская Правда», Túrkistan, Aiqyn, «Литер», «Ана тілі», «Время» және бас­қа да республикалық басылымдардың тұрақ­ты оқырманы екен. Сондай-ақ, аймақ­тық және агросалаға қатысты өзге де басы­лым­дар мен журналдардағы маңызды деген ақ­параттарды қарап, хабардар болып отыра­ды", – дейді ведомствоның баспасөз қыз­меті.
Одан бөлек, министр бүгінгі күні ақ­па­рат жеткізу, ақпарат алмасу құралы ретінде кеңінен тараған әлеуметтік желілерді де бел­сенді пайдаланады екен.  width= Ал Ұлттық эко­­­­номика ми­нист­рі Әсет Ирға­лиев Қазақ­стан­ның іскерлік БАҚ-та­рын, Egemen Qazaqstan газетін жә­не шет­елдік эко­но­микалық басылым­дар­ды үнемі қада­ға­лап, оқып оты­ра­тынын айтты.      width= Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов үшін ведомствоның бас­па­сөз қызметі әлеу­меттік-еңбек са­ла­сының мә­селе­лерін жазатын бар­лық бұқаралық ақ­парат құрал­да­ры­на күн­делікті мо­ни­торинг жүргізеді. Бас­пасөз қызметі ба­сылым­дарды бөліп-жар­май­тынын, ми­нистр барлығын оқитынын айтып жал­пы­лама жауап қайырды.