25 жастағы жігіт кеудесіне пышақ қадалғанын бір жыл бойы білмеген

25 жастағы жігіт кеудесіне пышақ қадалғанын бір жыл бойы білмеген

25 жастағы жігіт кеудесіне пышақ қадалғанын бір жыл бойы білмеген
ашық дереккөзі
Филиппинде 25 жастағы жігіт кеуде тұсына пышақтың жүзі қадалғанын бір жыл бойы білмеген, деп хабарлайды Phiippine news agency Кидапаван қаласының тұрғыны Кент Райан Томао пышақ жарақатын алғанын бір жылдан астам уақыт мүлде байқамай келген. Жұмысқа орналасу үшін медициналық тексерістен өту кезінде ғана рентген нәтижесі оның кеуде тұсында пышақтың 10 сантиметрлік жүзі қадалып тұрғанын көрсеткен. Тау-кен өндірісімен айналысатын компания басшылығы жігіттен жұмысқа орналасуы үшін рентгенге түсуін сұрамағанда, ол кеудесіне пышақ қадалғаны жайлы білмей жүре беретін еді. Кейінірек Кент бір жылдан астам уақыт бұрын белгісіз біреу оған мотоциклде отырған кезінде шабуыл жасағанын есіне түсірді. Ол сол кезде бейтаныс азамат оны жай ғана ұрып жіберді деп ойлаған. Кент емханаға жүгінгенде дәрігер жарақат орнын рентгенге түсірместен тігіп жібере салған көрінеді. Суық қарумен жарақаттанғанын мүлде сезбеген жігіт бір жыл ішінде айтарлықтай ауырсынуларды сезінбепті. Тек суық ауа райында кеудесі шаншып жүрген. Алайда Кент бұған мән бермей келіпті. Кент кеудесіндегі пышақты алып тастау үшін ота жасатпақ. Ол жарақатын жіті тексерместен тіге салған дәрігерді сотқа беруге ниетті емес. Ол ақ халаттының салғырттығына кешіріммен қарағанын айтады.