TikTok-тағы қауіпті челленджді қайталамақ болған оқушы миына зақым келтірді

TikTok-тағы қауіпті челленджді қайталамақ болған оқушы миына зақым келтірді

TikTok-тағы қауіпті челленджді қайталамақ болған оқушы миына зақым келтірді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Колорадо штатында 12 жасар Джошуа Хейлиесус TikTok-тағы қауіпті челленджді қайталаймын деп ауыр жағдайға тап болды. WAGM TV дерегінше, оқушының миына зақым келген. 22 наурызда егіз ағасы Джошуаны жуынатын бөлмеде ес-түссіз күйде тауып алған. Баланың ата-анасы оның "блэкаут" деп аталатын челленджге қатыспақ болғанын айтады.  Челлендж бойынша блогерлерге белдікті мойынға байлап, видеоға түсіру кезінде тыныс алмай тұру ұсынылған. Оқиғадан бірнеше күн бұрын Джошуа ағасына бір минуттан артық тыныс алмай тұра алатынын айтып мақтаныпты. Жасөспірімді ауруханаға апарды, бірақ дәрігерлер оның миының өлгенін анықтады. Дәрігерлер оқушының ата-анасына оның тірі қалуы екіталай екенін ескертті.