Халық үніне құлақ асатын әкім кім?

Халық үніне құлақ асатын әкім кім?

Халық үніне құлақ асатын әкім кім?
ашық дереккөзі
Президент өт­кен жылдың ба­сын­­­да Egemen  Qazaqstan газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ға­сырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­да­масы  қандай идеядан бастау алатынын айтты. «Хакім Абайдың ұстанымдары өр­ке­ниетті мемлекет қағидаларымен үндеседі. Заң үс­тем­дігі, биліктің ашық­тығы мен ха­лық ал­дында есеп беруі жоғары деңгейде болып, мем­лекет ісіне азаматтық қоғам өкіл­дері белсене ара­лас­қан жағ­дайда ғана әді­леттілік берік орны­ға­ды. Менің «Халық үніне құлақ асатын мем­­лекет» атты тұжы­рым­дамам дәл осы әді­летті қоғам идея­сын дамыту мақсатымен ұсы­­­нылды. Билік пен қо­ғам арасындағы сын­дарлы диалог мем­лекетке деген сенімді ны­ғайта түседі. Үкімет мү­шелері, соның ішінде ми­нистрлер мен әкім­дер мемлекеттік және қо­ғамдық маңы­зы бар мәсе­лелерге қатысты ше­шім қа­был­даған кезде азамат­тардың ұсы­ныс­тары мен ті­лектерін ескеруі керек. Мұны Абай мең­зеген әділетті қоғам қалып­тас­тыру­дың бір­ден-бір шарты деп білемін. ...«Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қы­ры жоқ» замандастарымыз көбеймес үшін билік халыққа әрдайым құлақ түріп отыр­ғаны жөн» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өз ма­қа­ласында. Ал әкімдер мен министрлер Президент тап­­сырмасын қалай орындайды? Өткен жыл­­дың жазында коронавирус өршіп, ел тұр­­ғын­дары қайда барып жан сауғаларын біл­мей сен­делгенде жергілікті атқарушы ор­гандардың жұрт­шылықпен байланысты ақ­сатқаны, елге тұщым­ды ақпарат бермегені бел­гілі болды. Жұрт­қа дұрыс мәлімет бер­меудің зардабы індет­тің өзінен бірнеше есе ауыр болары анық еді. Мұны білген Мем­ле­кет басшысы аймақ­тар­дағы ақжағалыларды тегіс жинап, жедел іске көшуді, жіберген қа­теліктерін түзеуді жүк­­теді. Өз міндетін ат­қара алмағандарға мәй­­­­мөңкелеп  отыр­май­тынын ашық айтты. «Дер кезінде хабарлап, тиісті шара қа­был­­дау­ға көп нәрсе байланысты. Бастапқы ке­­зең­де бұл жұмыстар жақсы ұйымдасты­рыл­­ды. Бі­рақ мемлекеттік органдар соңғы ке­зде бұл істі босаңсытып жіберді. Коро­на­вирус бойын­ша 3  ай бұрын арнайы құ­рыл­ған рес­пуб­ли­ка­лық коммуникациялық ор­талық қа­зіргі уа­қытта іс жүзінде жұмыс істе­мейді. Осы­ған сәй­кес, бүгінде бірыңғай нақ­ты ақ­парат­ жоқ. Індетке қарсы кү­ресте жауап­ты ше­неуніктер теріс ақпарат бе­ріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. Әкімдер мен министрлер қара­пайым халықпен бай­ланыс орнатуды қой­ды. Олардың арыз-ша­ғымдарына дер ке­зінде жауап бермейді. Сон­дықтан тұр­ғындардың көпшілігі қайда ба­рарын білмей то­рығуда» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  «Еститін» әкімдіктер рейтингі Пандемия халық пен билік арасындағы бай­­ланысты еріксіз онлайнға көшірді. Бұ­ған ше­неуніктердің бір тобы тез икемделсе, ен­ді бір тобы әлі күнге дейін қашықтан қыз­мет көр­­­сетудің қыр-сырын игере алмай ке­леді. Жуырда Ranking.kz мамандары «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­рым­дамасының қа­ғи­даттарына сәйкес жер­гілікті атқарушы ор­гандардың ха­лық­пен байланысының бел­сенділігін талдады. Зерт­теу қорытындысы бойын­ша бұқарамен ете­не жұмыс істейтін әкім­діктердің рей­тин­гін ұсынды. Сарапшылардың дерегінше, 17 нау­рыз­дағы жағ­дай бойынша жергілікті атқарушы орган­­дарға жалпы саны 28 мың хабарлама түс­кен.  Оның 25,1 мыңына, яғни, 89,4 пайы­зына жауап берілген. Өтінімдерге жауап беру көрсеткіші бойын­ша  Шығыс Қазақстан облысы көш бас­тады. Аталған өңір әкімдігі 1,3 мың өті­нім­ді қамтып, дер кезінде жауап қайтарған.  Одан кейінгі орын­да – Ақтөбе және Қы­зыл­орда облыс­та­рының әкімдіктері. Бұл өңір­лер­дің атқа­мі­нер­лері жергілікті жұрт жол­даған өтінімдердің 99 пайызына жауап беріп­ті.  Ал рейтингтегі ең соңғы орынға Ал­маты қаласы жайғасқан. Шаһар әкімдігі ха­лықтың талап-тілегінің 72,9 пайызына ға­на жауап берген. Бұл ретте жер­гілікті ат­қару­шы органға 7,4 мың өтініш түс­кенін айта кету керек. Осылайша өтінімдердің тек 5,4 мыңы қамтылған, 2 мың адамның өті­німі жауапсыз қалған. Бұқарамен байыпты бай­ланыс орната алмағандар тізімінде хат­тар­дың 74,3 пайызына жауап берген Қос­танай және 81,6 пайызын қамтыған Маң­ғыстау об­лыстары бар. Осы орайда бір айта кетерлігі, жергілікті би­лік өкілдерінің халық өтінішіне жауап беру көрсеткіші жүгінген азаматтардың жауапқа қа­нағаттанғанын немесе олардың мә­селесі ше­шілгенін білдірмейді. Әкімдіктің жауа­бы үстірт немесе сұрақтан алшақ болуы мүмкін. Сон­дықтан сарапшылар ха­лық­тың алған жауап­қа қанағаттану көр­сеткіші бойынша бө­лек рейтинг дайын­дапты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының әкім­­дігі келіп түскен барлық өтінішке жауап бер­ген, алайда қанағаттанбаған пай­далану­шы­лардың үлесі 43 пайыз болған. Де­мек, беріл­ген жауаптардың жартысына жуы­ғы дәйек­сіз болды деуге негіз бар. Іс жү­зінде әр 5 өті­ніштің екеуі шешімсіз қал­ған. Бұл рейтингте Жамбыл, Батыс Қазақ­стан жә­не Қызылорда облыстарының әкім­дік­тері көш бастады, аталған аймақтарда атқа­мі­нер­лер­дің жауабына қанағаттанбаған аза­маттар үлесі 30 пайыздан аспаған. Ал Нұр-Сұлтан қаласы (қанағаттан­баған­дар­дың үлесі – 51 пайыз), Алматы қаласы (49 пайыз) және Атырау облысы (44 пайыз) әкім­дік­те­рінің жұртшылыққа қанағаттанарлық жауап қайтару көрсеткіші көңіл көншітпейді. Атқамінерлердің өз есебі қандай? Екі рейтингте де жоғары нәтиже көрсете алмаған Алматы әкімдігінің жұмысына мін та­ғылуы заңды. Оңтүстік астананың атқа­мі­нерлері өтініштердің көбін жауапсыз қал­дыр­ған. Жауап берген күннің өзінде азаматтардың жар­тысына жуығы алған жауапқа қанағат­танбаған. Ал әкімдіктің өз есебіне сүйенсек, Алма­ты тұрғындарының бәрі жергілікті биліктің жұмысына разы. Өткен жылдың 1 қаңтары мен 10 желтоқсаны аралығында қала әкім­дігі­нің Open Almaty қоғамдық қабылдауына (Ал­маты қаласын дамыту орталығының жобасы) тұр­ғындардан 395,5 мың өтініш түссе, оның 87 пайызы бірден шешіліпті. 2019 жылмен салыстырғанда былтыр өті­ніштер саны 206 пайызға артты дейді әкім­діктегілер. Көрсеткіштің өсу себебі — Алматы қа­ласында карантин режимінің енгізілуі. 16 нау­рыздан бастап Open Almaty қала тұрғын­да­рына коронавирус инфекция­сының та­ралуы­на қарсы билік қабылдап жатқан шара­лар туралы жедел консультация беретін бай­ланыс орталығы ретінде жұмыс істеді. Алматы әкімдігіне ең жиі келіп түскен өті­ніштер: тұрғындардың азық-түлік және дәрі-дәрмек түріндегі әлеуметтік көмек алуға өтінімдері (81,6 мың), Алматыға келу/кету (36,8 мың), орта және мектепке дейінгі білім беру (31,7 мың), жәрдемақы алу (24,3 мың) жә­не Алматыда жүріп-тұру (23 мың) мәсе­ле­лері бойынша түсініктемелер. Жергілікті атқамінерлер халықпен БАҚ арқылы байланысты да арттырғанын алға тартуда. Олардың айтуынша, қала тұрғын­дары «Ал­маты» телеарнасындағы апта сайынғы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфи­рінде сұрақтарын қоя алады. 2020 жылы 96 бағдарлама тікелей эфирге шығып, оның бары­сында қала тұрғын­дарының 2,4 мың сұра­ғына жауап беріліпті. Ал осы жылдың қаң­тарынан бері 6 тікелей эфир өтіп, оның бірі­не қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатыс­қан. Елорда әкімдігіндегілер де жергілікті тұр­ғындардың талап-тілегін дер кезінде қа­на­ғат­тандырып отырмыз дейді. 2020 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігінің қабылдауында 10 мың аза­мат болыпты. Бұдан бөлек, елор­да тұрғын­дары «Жанұя» отбасы институтын қол­дау ор­та­лығында, тұрғын үй саласы бойын­ша қызмет көрсететін бірыңғай орта­лықта, iQala ор­талығында, «iKomek 109» арқылы және әкімдіктің әлеуметтік желі­лердегі аккаунттары ар­қылы өтініштерін жолдап келеді. Бұл тура­лы елорда әкімі Алтай Көлгінов жыл басында тұр­ғындарға есеп беру кездесуінде айтты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­­жырымдамасы аясында апта сайын он­лайн ре­жимінде азаматтарды қабылдаймыз. Он­да­ғы негізгі сұрақтардың дені – жұ­мыс­пен қамту, тұрғын үй бағдарлам­а­ларына қатысу, білім, медициналық көмек алу және т.б. қатысты. Тек өткен жылдың өзінде біз 10 мың азаматты қа­былдадық. Бұл 10 мың отбасы деген сөз. Сұрақ­тардың бір бөлігі сол жерде шешіледі, қал­ғаны бойынша жұмыс жүргізіледі. Ақпан басталғалы орынбасарларым мен ау­дан әкімдерімен бірге 500-ге жуық азаматты қабылдадық. Сондай-ақ, аудан әкім­дері тұр­ғындармен 15 есеп беру кез­десуін өткізді. Мә­селелерді шешу бойынша шараларды тек бір рет емес, жүйелі негізде қолға аламыз. Мы­салы, бұл ретте тұрғын үй саласы бойынша қыз­мет көрсететін орта­лық пен әлеуметтік к­өмек беру бойынша «Жанұя» орталығын аш­тық», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. «Жанұя» отбасы институтын қолдау ор­талығы 2019 жылдың жазынан бері іске қо­­сылды. Аталған орталықта отбасыларға заң­­дық, психологиялық және әлеуметтік кө­­мек көрсетіледі. Тұрғындар «бір терезе» қа­ғи­даты бойынша 70-тен аса қызмет ала ала­ды. Орталық ашылғаннан бері онда 45 мың аза­мат жүгініп, 65 мың сауал  бойынша жұмыс қол­ға алынған. Барлық өтініш бір базадан бақыланады Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықтан түсетін барлық арыз-ша­ғымды бір орталықтан бақылау тетігін іске қосу­ды тапсырған болатын. Жаз­дың ортасына дейін өтініш берудің жаңа электронды жүйесі және «Нәтиже» ор­талықтары ашылуы шарт. Нә­тижесінде шал­ғай аудандар, елдің түкпір-түк­піріндегі ауылдардың әкімдеріне жол­данған талап-тілек­тердің қаншалықты қана­ғат­тан­дырылғанын елордадан қадағалап отыру­ға мүмкіндік тумақ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Му­син­нің айтуынша, жаңа ақпараттық жүйе­нің тұжырымдамасы дайын. «Негізгі мақсат – халықтан түсетін бар­лық өтініш пен арыз-шағымды бір ақпа­рат­тық ба­зада жинақтау. Мәселен, адам бұған дейін мем­лекеттік органға жер мәселесі бойын­ша бір­неше рет арызданды делік. Сосын баланың құ­жаттарын рәсімдеуге қа­тысты өтініш жі­бергені бар. Осының бәрі бір­ден шығып тұра­ды. Сонда біз ол адамның мем­лекетке қандай мә­селемен арыз­данғанын және өз мәселесін қа­лай шеш­ке­нін көре аламыз», – деді Б.Мусин. Министрдің сөзіне қарағанда, бірыңғай ақпараттық база арқылы барлық өтініш пен шағымға талдау жасалады. Мемлекеттік ор­ган­дардың жұмысына да баға беріледі. Бұдан бө­лек, адам сотқа жүгінген жағдайда нақ­ты бір мемлекеттік органға қай кезде арыз жаз­ға­нын және қандай жауап алғанын ав­томатты түр­де шығарып отыруға мүм­кіндік бар. «Мұның барлығы жаңа әкімшілік про­цес­­суалды кодекстің талаптарына көшуге кө­­мек­теседі. Осы құжат мемлекет пен ха­лық ара­сын­дағы қарым-қатынасты рет­тейді. Соттарға да жеңіл болады. Олар жаңа­ғы жүйе арқылы адам­ның белгілі бір мем­лекеттік органға қай кезде өтініш жаз­ғанын және қандай жауап ал­ғанын бірден көре алады. Мұның бәрін құ­жатпен көрсе­тіп, дәлелдеудің қажеті болмай қ­а­лады», – деп атап өтті Мусин. Қазіргі кезде Президент әкімшілігі халық­тан түсетін арыз-шағымды бақылап отырады. Ал бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосыл­ған­нан кейін бұл жұмыстың аясы кеңейе түспек. Президент әкімшілігі бәрін ав­томатты түрде қадағалайды. «Арыз-шағым биліктің кез келген дең­гейін­де берілсе де, біз оны осы жерде – Нұр-Сұлтан­да отырып көре аламыз. Президент әкім­шілігі шалғай жатқан ауылдық округ әкі­міне түскен шағымды да бақылай алады. Ол арыз жазбаша беріле ме, электронды үкі­мет порталы арқылы жолдана ма, біз бә­рін кө­ріп отырамыз», – дейді цифрлық даму ми­нистрі. Ведомство басшысының айтуынша, ха­лық­­тан арыз-шағым қабылдаудың жаңа ақ­­параттық жүйесі аясында «Нәтиже» орта­лық­­тары ашылады. Осылайша «халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжырым­дама­сы­ның негізгі те­тігі іске қосылады.  width= Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: Саясатта жедел өзгерістер жақсылыққа апармайды
– Халықтың билік бастамаларына, қа­был­­данған саяси шешімдерге 100 пайыз көңілі толуы мүмкін емес. Дамыған мемле­кеттердің өзін­де саяси реформаларға, қо­ғамдық өзге­ріс­терге наразылық толаста­ған емес. Мәселен, аузын айға білеген АҚШ-та өткен жылы бас­талған Black Lives Matter қоз­ғалысы аясындағы на­разылық акция­лары елдің түкпір-түкпі­рін­де, тіпті өзге мемлекеттерде де өтті. Тәртіп сақ­шыларына сенімнің құлдырауы, жемқор­лық – тек біздің елдің бас ауруы емес, бүкіл әлем­­де бар мәселе. Әр елде бұл түйткілдермен күрес­­тің түрлі бағыты, әр қилы тәсілі қолға алын­­ған. 2019 жылғы Жолдауында Мемлекет бас­­шысы ұсынған «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» тұжырымдамасы – атқарушы ор­ган­дар мен халық арасында көпір ор­нату­ға, бұ­қараның билікке сенімін нығайтуға бағыт­тал­ған бастама. «1,5 жыл ішінде еш­теңе өзгер­ген жоқ, баяғы жартас сол жар­тас» деген сарын­­дағы пікірлер аз емес. Ме­ніңше, маңыз­дысы – өзгеріске, дамуға апа­­ратын бағыт-бағ­дар­дың дұрыс таңдал­ғаны. Президент өз сө­зінен жаңыл­ған жоқ, берген уәделерін орын­дап келеді. Бәлкім, жұрт жедел алға жылжуды, аз уақыт ішінде түбегейлі түлеуді күткен бо­лар. Алайда саясат – консервативті сала. Бүгін бұйрық берілсе, ертең бәрі орындала қалмай­ды. Сая­сатта, қоғамдық мәселелерде жедел өзге­рістер жақсылыққа апармайды. Әлемдік тәжірибеге көз жіберсек, революцияны, мем­­лекеттік төңкерісті, апатты тез арада ұйым­­дас­тыруға болады. Ал өркениет, даму – баяу жүре­тін процесс. Дамыған мем­лекет­тердің эко­номикалық дамуын, рухани өр­леуін алып қа­расаңыз, 1-2 жылда, тіпті 5-10 жылда қарыш­тап алға жылжып кетпеген. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясы 1,5 жыл ішінде өзі ұстанған бағыт-бағ­дармен баяу болса да байыпты түрде жыл­­жып келеді. Мемлекет басшысының айтқаны жай популизм емес,  нақты тап­сырма екенін жә­не жергілікті атқарушы органдар оны орындауға мүдделі екенін көріп отырмыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құры­луы да Қазақстанды «еститін мемлекетке» ай­­­налдыруға бағытталған қадам екені белгілі. Кеңес жұмысының нәтижесінде бү­гінгі күнге дейін өзгертілген, жаңадан қабылданған заң­дар саны 9-ға жетіпті. Қазір Президент бас­та­малары бойынша қоғамдық өмірді демок­ра­тияландыру тұрғысындағы 10-ға жуық заң жобасы қаралу үстінде.  Мәселен, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға айрықша көңіл бө­лініп жатыр. Биыл күзде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Де­мек, Мемлекет басшысының бастамалары сөз жүзінде қалған жоқ. Әуелі қоғамда тал­қыланды, содан кейін заңдарға ұласты. Бү­гінде сол заңдардың алғашқы кезеңі жү­зеге асып жат­қанына куәміз. Әрине, бұрын-соңды бол­маған тәжірибелер, ізденістер көп бол­ған­дықтан, бастапқыда билік органдарының қателесуі заңды. Ең бастысы, бағытынан жаңыл­маса, елмен етене жақын болу мүдде­сі­нен айнымаса болғаны.