Мопед мінген курьер жасаған жол апаты: Зардап шеккен жолаушы ауруханада көз жұмды

Мопед мінген курьер жасаған жол апаты: Зардап шеккен жолаушы ауруханада көз жұмды

Мопед мінген курьер жасаған жол апаты: Зардап шеккен жолаушы ауруханада көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда мопед мінген курьердің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті. «Өкінішке қарай, 28 наурыз күні Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында болған жол апатынан жарақат алған мопедтің жолаушысы қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасында ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.