Зауыттағы қателіктен 15 миллион доза вакцина бүлінді

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Johnson & Johnson зауытының қызметкерлерінің қателігінен коронавирусқа қарсы вакцинаның 15 миллион дозасы бүлінді, деп хабарлайды The New York Times

Оқиға Балтимордағы зауытта болды, жұмысшылар препарат құрамындағы заттарды араластыру кезінде қателік жіберген. Оқиғадан кейін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы басқармасы (FDA) зауытты тексеруді бастады.

АҚШ ауруханаларына жеткізілген компанияның вакциналарының барлық партиялары Нидерландыда шығарылғандықтан қауіпсіз екендігі атап өтілді. Дәрі-дәрмектің келесі партияларын Балтимордағы зауыттан жіберу жоспарланған болатын, бірақ FDA тексерістері жеткізілімді кешеуілдетпек.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Вирджиния штатында Johnson & Johnson препаратын салдырғаннан кейін 74 жастағы ер адамның денесі бөртіп, көп ұзамай терісі түсе бастағаны туралы хабарланды.

Back to top button