Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

Павлодар қаласында өрт сөндірушілер 40 адамды эвакуациялады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 наурыз күні 23 сағат 52 минутта Павлодар қаласы Генерал Дүйсенов көшесі, 1 мекенжайында өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында қосалқы үй-жайда тұрмыстық керек-жарақ, 2 шаршы метр алаңда ағаш қалқалар жанып жатты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 10 адам өз бетінше эвакуацияланды.​Кіреберістің қатты түтініне байланысты кейбір тұрғындар қорқып, аздап үрейленді.

Бірақ оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел эвакуациялауға көмектесті және тұрғындарды баспалдақ алаңымен сүйемелдеді. Тұрғындардың көпшілігі түнгі уақытта демалып жатқандықтан, қызметкерлер пәтер иелерін оятып, өрт болған жерден кетуін өтінуге мәжбүр болды.

​Барлығы өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен баспалдақ маршы бойынша 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Өрт 00 сағат 28 минутта сөндірілді.

Қызыл жалынның себебі мен шығыны анықталуда.

Оқиға орнында жеке құрамның 27 қызметкері, 5 техника жұмыс істеді. Сонымен қатар, өрт болған жерге «Водоканал» ЖШС, қалалық электр желілері және «102» қызметі болды.​Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің арқасында зардап шегушілер мен қаза болғандар болған жоқ.

 

Back to top button